Мазярдың Масудовтан қай жері артық?

Футбол
Мазярдың Масудовтан қай жері артық?
Фотолар fcruh.com және sportsffa.kz сайттарынан
Жақында Оралдың «Ақжайық» командасының бас бапкері болып, Украина маманы Владимир Мазяр тағайындалған еді. «Ақжайықтың» неліктен ешкім танымайтын бұл жаттықтырушыға сенім артқанын әлі түсіне алар емеспіз?

Кеше Донецкінің «Шахтер» командасының бұрынғы жаттықтырушысы Михаил Соколовский Украинаның ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында Мазяр туралы да сөз қозғаған екен.

– Украина премьер-лигасында бар-жоғы 12 клуб, сондықтан көп жаттықтырушылар өз идеяларын жүзеге асыра алмайды. Алайда біздің мамандар шетелде сұранысқа ие болып отыр. Мысалы, Юрий Максимов Әзірайжан асса, Владимир Мазярды Қазақстан шақырды...

Қазақстан және Әзірбайжанның чемпионаттары әлсіз, бірақ оларда ақша бар. Бұрын барлық бапкерлер Украина мен Ресейде жұмыс істеуді армандайтын... Мен ешқашан Қазақстан мен Әзірбайжанға ақша табу үшін барған мамандарды қайтып жұмысқа алған емеспін. Меніңше, «Динамоны» баптаған кез келген бапкер ешқашан Украинаның басқа командасын жаттықтырмайды. Олар тек шетелге кетеді, өйткені Киевтен басқаның бәрі провинция болып көрінеді. Украина көп жаттықтырушы бар дегенге келісемін, бірақ жоғары деңгейлі кәсіби мамандар өте аз. Агенттері аздаған жетістіктерін айғайлатып көрсетіп жарнамалап жатады, – дейді Михаил Соколовский.

Соколовский атап өткен Максимов те кезінде «Таразды» жаттықтырған. Бірақ Әулиеата өңірінде бітірген ештеңесі жоқ. Қайта отандасы Александр Алиевпен төбелесіп, әрі командасы премьер-лиганың өтпелі ойынында «Алтайдан» 0:3 есебімен ұтылып қалған еді.

Оралдың «Ақжайық» клубы екі жыл қатарынан аз бюджетпен премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Бірінші кезекте бас бапкер Вахид Масудовтың арқасында. Енді келіп, Украинаның бірінші лига жұмыс істеп жүрген Мазярды алып келудегі мақсаттарын түсінбедік. 

Мұндай деңгейлі маман елімізде де жетеді емес пе? Талғат Байсуфинов, Нұркен Мәзбаев, Нұрмат Мырзабаев, Алмас Құлшынбаев секілді отандық жаттықтырушылар осы Мазярдан кем емес әрі олардан аз жалақы талап ететіндері жасырын емес. Біздің премьер-лигадағы соңғы орында жүрген команданың өзі шетелден бапкер шақыратын болса, отандық жаттықтырушыларды кім керек қылады?

Автор: Бек Төлеу

Теги: Владимир МазярВахид МасудовҚазақстан чемпионатыБас бапкерТрансфер жаңалықтары"Ақжайық"Kazakhstan Premier LeagueAkzhayik OralTransfersVakhid Masudov

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку