«Астана» Қарағандыда ойнаған жартылай қорғаушыны алды

Футбол
«Астана» Қарағандыда ойнаған жартылай қорғаушыны алды
Фото fca.kz сайтынан
Биыл Қарағандының «Шахтер» клубында ойнаған Сербияның жартылай қорғаушысы Марко Станоевич ресми түрде «Астанаға» ауысты.

Бұл ақпаратты «Астана» футбол клубының сайты таратты. 29 жастағы серб футболшысы 2017 жылғы маусымда «Шахтердің» намысын қорғап, Қазақстан премьер-лигасында 30 ойын өткізген. Осы матчтарда 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас беріп, көзге түскен еді. Сондай-ақ ел кубогы додасында бір гол соққан.

Марко Станоевич – Сербиядағы әйгілі «Црвена Звезда» клубының түлегі. Бірақ бұл команданың жастар құрамасы сапында ғана болған. Негізінен осы елдегі «Рад» клубында өнер көрсеткен. Сондай-ақ «Аль-Фатех» (Сауд Арабиясы), «Симург» (Әзірбайжан) және «Шериф» (Молдова) клубтарында ойнаған.

Молдовада үш жыл ойнап (2012-2015 жж), екі мәрте осы елдің чемпионы атанып, бір рет суперкубогын жеңіп алған. Сербияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында екі ойын өткізген. Биыл қаңтар айында «Шахтер» (Қарағанды) клубымен келісімшартқа отырған болатын. Енді ел чемпионы сапына алынып отыр.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Марко СтаноевичFC AstanaҚазақстан чемпионатыСербияТрансфер жаңалықтары"Шахтер" ФК"Астана" ФКKazakhstan Premier LeagueShakhter KaragandyMarko Stanojevic

Вернуться назад