Қыстың көзі қырауда «Ақтөбе» жаттығуды бастады

Футбол
Қыстың көзі қырауда «Ақтөбе» жаттығуды бастады
Фото fc-aktobe.kz сайтынан
«Ақтөбе» футбол клубы жас футболшыларын жинап, қыстың көзі қырауда алдағы маусым дайындығын бастап кетті.

Бас бапкері мен легионерлері Ақтөбеде жоқ болса да, жаттықтырушы Игорь Прохницкий жас футболшыларымен жаттығу жиынын бастаған. Мақсат – жастарын ауыр жүктемелер мен алдағы маусымға дайындай бастау. Бүгін, яғни 23 желтоқсанда басталған тартылыс жиыны осы айдың 29-ына дейін созылады екен.

Негізгі құрамдағы отандық ойыншыларға Ақтөбе футболының дарынды түлектері қосылған. Сырттан қосылғандардан тек Әділхан Таңжарықов бар екен. Жергілікті футбол түлегі 2017 жылғы маусымды «Жетісу» (Талдықорған) клубы сапында өткізіп, Бірінші лиганың жеңімпазы атанған болатын.

Негізі, «Ақтөбенің» алдағы маусым қарсаңындағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны «қаңтар айында Түркияда өтеді» деп жоспарланған. Сол кезде команда сапына белді футболшылары мен легионерлері қосылуы керек. Әрі 11 қаңтарда трансферлік кезең ашылады.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Игорь ПрохницкийҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыМаусым аралығыЖаттығу жиыны"Ақтөбе"Kazakhstan Premier LeagueFC Aktobe

Вернуться назад