Алексей Петрушин – “Ордабасы” клубының бас бапкері

Футбол
Алексей Петрушин – “Ордабасы” клубының бас бапкері
"Ордабасы" клубының бас бапкері мен басшысы – Петрушин және Байсейітов. Фото: fcordabasy.kz
«Ордабасы» футбол клубы бас бапкерлік тізгінін Ресей маманы Алексей Петрушинге сеніп тапсырғандығын ресми түрде жариялады.

«Ордабасы» футбол клубына 65 жастағы Ресей маманы Алексей Петрушин бас бапкер болып бекітілгендігін Оңтүстік Қазақстан облысы клубының ресми сайты жариялады.

Алексей Петрушин 1952 жылы 29 қаңтарда Мәскеу облысындағы Люберцы қаласында туған. «Торпедо» (Люберцы), «Динамо» (Мәскеу), «Пахтакор» және «Кубань» клубтары сапында ойнаған.

1990 жылдан бері КСРО, Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің 17 клубын жаттықтырыпты. Біздің елде екі клубтың бас бапкері болған. Атап айтқанда, 2004-2006 жылдары Алматының «Қайратын», ал 2014-2015 жылдары Семейдің «Спартагын» жаттықтырған.

Семейден кеткелі бері бұл маманың ешбір клубты жаттықтырғанын естімеп едік. Енді, міне, Шымкент клубын баптайтын болыпты. Осы ретте айта кетейік, 2004 жылы «Қайратпен» Қазақстан чемпионы болған. Ал 2005 жылы қола жүлдегер атанған.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Алексей ПетрушинҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыБас бапкерЕуропа лигасыБақтияр Байсейітов"Ордабасы" ФКОҚО

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку