Қысқы трансфер кезеңі бекітілді

Футбол
Қысқы трансфер кезеңі бекітілді
Фото: fcirtysh.kz
Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің кезекті отырысында қысқы трансфер кезеңін бекітілді.

Кеше Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті өзінің кезекті отырысын өткізіп, онда еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы ұсынған бірқатар мәселелер қаралған.

Әрі 2018 жылғы маусымдағы бірінші трансферлік тіркеу кезеңінің мерзімі бекітілген. ҚР Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты таратқан ақпаратқа сенсек, алдағы маусымдағы бірінші трансфер кезеңі 11 қаңтар күні ашылып, 3 сәуірде жабылатын көрінеді.

Жалпы, жылдағыдай маусым соңында өзгеріс көп. Қазақстан премьер-лигасындағы командалар 2017 жылғы ел чемпионаты аяқталысымен, әр түрлі себептермен құрамдарын екшеп жатыр. Қазақ додасынан кетіп жатқан легионерлер де аз емес. Оның бәріне алдағы уақытта тоқталамыз.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан чемпионатыТрансфер жаңалықтарыКәсіпқой футбол лигасыкелісімшартҚысқы трансферKazakhstan Premier LeagueTransfersЕңбек келісімі

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку