Қазақстан құрамасының FIFA-2018 додасындағы статистикалық көрсеткіштері

Футбол
Қазақстан құрамасының FIFA-2018 додасындағы статистикалық көрсеткіштері
Қазақстан – Армения – 1:1. Фото: kff.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында 10 ойын өткізіп, «E» тобында соңғы орынға табан тіреген...

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирін UEFA-ның «E» тобында өткізді. 10 ойын өткізіп, үш рет тең түсті де, қалған жеті ойында жеңіліске ұшырады. Доп айырмасы: 6-26. Біз бүгін ұлттық құрамамыздың осы 10 ойындағы статистикалық деректерін тізіп шықсақ деп едік.

Ойын саны – 10

Жеңісі – 0

Тең түсті – 3

Жеңілісі – 7

Ұпайы – 3

Соққан голдары – 6

Бір ойында орта есепен – 0,6

Өз қақпасына жіберіп алғаны – 26

Бір ойында орта есеппен – 2,6

«Құрғақ» матчтары – 1

Қақпашының сейфтері – 41

Қорғаушылардың тойтарған доптары – 335

Оның ішінде, допты тартып алған сәттері – 50

Қақпаға бағыттаған барлық соққылары – 95

Тура соққылары – 23

Қиыс кеткені – 52

Тойтарылғаны – 25

Қақпа бағанасына тигені – 2

Өздерінің бұрыштама соққылары – 33

Қарсыластарының бұрыштама соққылары – 44

Офсайдтары – 30

Доп иелену – 47%

Пастар дәлдігі – 81%

Барлық пастары – 3878

Дәл пастары – 3167

Қарсыласының қақпасына қарай асырған пастары – 158

Қарсыласының қақпасына асырған дәл пастары – 60

Ескерту (сары қағаз) – 33

Алаңнан қуылды (қызыл қағаз) – 2

Ереже бұзған сәттері – 175

Өздеріне қарсы ереже бұзылған сәттер – 105

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: СтатистикаҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаӘлем чемпионатыДопГолІріктеу ойындарыKazakhstan national football teamFIFA World Cup Qualification

Вернуться назад