«Қайрат» Карлос Алоспен еңбек келісімін ұзартты

Футбол
«Қайрат» Карлос Алоспен еңбек келісімін ұзартты
«Қайрат» ФК Испания маманы Карлос Алоспен еңбек келісімін екі жылға ұзартты. Фото: fckairat.com
«Қайрат» футбол клубы Испания маманы Карлос Алоспен еңбек келісімін екі жылға ұзартқаны жөнінде ресми түрде жариялады.

Карлос Алос Алматының «Қайратына» биыл шілде айында келген болатын. Маусым соңында дейін «Қайратпен» 14 ойын өткізіп, 13-інде жеңіске жетті. Тек бір ойында тең түсті. Алматылықтармен Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанып, ел кубогын жеңіп алды.

Осы ретте айта кетейік, «Қайрат» Карлос Алостың жетекшілік етуімен 28 қазан күні елордада «Астана» клубын 2:0 есебімен ұтқан болатын. Әрі астаналықтардың осы ойында ел чемпионы болуына мүмкіндік берген жоқ-тын. Басты бәсекелесінен тактикалық тұрғыда басым түскен-ді. Клуб басшылары Испания маманының осы жеңісін де ескерген сияқты...

Карлос Алос болса, «Қайратпен» еңбек келісімін ұзартқанына қуанышты екен. «Клуб басшыларының алға қойған барлық мақсаттарына жетуге тырысамыз, бар күш-жігерімізді саламыз. Бұл – үлкен клуб, ал үлкен клубқа жоғары нтижелер керек, сол үшін аянбаймыз» – деп, өз пікірін білдіріпті.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Карлос Алос ФеррерҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"Бас бапкерKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyCarlos Alos FerrerЕңбек келісімі

Вернуться назад