Гол жіберуден Еуропада 51-орындамыз...

Футбол
Гол жіберуден Еуропада 51-орындамыз...
Қазақстан құрамасы 10 ойында 26 гол жіберіп алды... Фото: kff.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирін қалай аяқтады? Бұған статистикалық деректер арқылы көз жеткізіп көрейік.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында 10 ойын өткізіп, үш рет тең түсті. Қалған жеті ойында жеңілістің кермек дәмін татты. Енді УЕФА-ның статистикалық деректеріне сүйене отырып, салыстырып көрейік. Бүгін «гол», «доп айырмасы» және «соққы» көрсеткіштеріне тоқталамыз.

Гол:

  • Қазақстан құрамасы 10 ойында алты гол соғып (орта есеппен, әр ойында – 0,6 гол), өз қақпасына 26 доп жіберіп алды (орта есеппен, әр ойында – 2,6 гол);
  • Ең көп гол соққандар – Германия мен Бельгия (43 доптан);
  • Ең аз гол соққан құрама – Лихтенштейн (1 доп);
  • Ең аз гол жібергендер – Англия және Испания (3 доптан);
  • Ең көп гол жіберген құрама – Сан-Марино (51 доп)
  • Гол соғу жағынан, Қазақстан құрамасы – 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан Еуропаның 54 құрамасы ішінде 46-орында;
  • Өз қақпасына гол жіберу жағынан 51-орында («–20» көрсеткішіне қарай). Қазақстан құрамасынан көп гол жібергендер – Сан-Марино (51), Гибралтар (47) және Лихтенштейн (39);

Доп айырмасы:

  • Қазақстан құрамасының доп айырмасы: «– 20» немесе 6-26.
  • Доп айырмасы жағынан ең үздік көрсеткіш – Германия («+ 39» немесе 43-4)
  • Доп айырмасы жағынан ең төмен көрсеткіш – Сан-Марино («– 49» немесе 2-51).
  • Доп айырмасы жағынан, Қазақстан құрамасы – 48-орында.

Соққы:

  • Қазақстан құрамасы 10 ойында қарсыластарының қақпасына 100 соққы бағыттады (орта есеппен, әр ойында – 10 соққы);
  • Ең көп соққы бағытаған – Португалия (230 соққы);
  • Ең аз соққы бағыттаған – Сан-Марино (19 соққы);
  • Қазақстан құрамасы соққы бағыттау жағынан – 36-орында;
  • 10 ойында қақпаға 23 тура соққы бағыттаған. 52 рет қиыс тепкен, 25 соққыны қарсыластарының қорғаушылары тойтарған. Екі рет теңбіл доп қақпа бағанасынан кері қайтқан;
  • Қақпаға тура соққы бағыттау жағынан – 48-орында. Қазақстан құрамасынан төмен орналасқандар – Молдова (20), Андорра (18), Гибралтар (15), Мальта (10), Сан-Марино мен Лихтенштейн (5 соққыдан).
  • Тура соққы бағыттаудан алда – Бельгия (95 соққы).

Жалғасы бар...

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан құрамасыҰлттық құрамаӘлем чемпионатыГолІріктеу ойындарыДоп айырмасыKazakhstan national football teamFIFA World Cup QualificationGoalСоққы

Вернуться назад