Қазақстан футболының үздік төрешілері анықталды

Футбол
Қазақстан футболының үздік төрешілері анықталды
Қазақстан футболының үздік төрешілері анықталды
Қазақстан футболының үздік арбитрлары анықталды. Премьер-лиганың ең үздік бас төрешісі болып қарағандылық Артем Кучин, талдықорғандық Денис Измайлов және астаналық Марат Ысқақов танылды.

Қазақстан футбол федерациясы Алматыда Премьер-лига инспекторлары мен төрешілерінің қорытынды семинарын өткізіп, жиын соңында осы маусымның үздік төрешілерін марапаттады.

Биыл Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер және нұсқаушылар департаменті әдеттегідей бір емес, бірден үш төрешіні үздік деп тануды жөн көріпті. Премьер-лиганың үздік арбитрлары болып қарағандылық Артем Кучин, талдықорғандық Денис Измайлов және астаналық Марат Ысқақов танылды.

Артем Кучин биыл Қазақстан Премьер-лигасында 11 ойында төрелік етіп, үш пенальти белгілеген. Оның екеуі қонақ команданың қақпасына. 53 рет қалтасынан сары қағаз алып шығыпты. Оның 24-і алаң иелерінің ойыншыларына көрсетілсе, 29 рет қонақ команданың ойыншысын жазалапты. Төрт ойыншыны алаңнан қуған. Үш қызыл қағазды алаң иелерінің ойыншыларына көрсетіпті. Сондай-ақ, ел кубогында екі ойынға бас төреші болыпты. Оның ішінде «Қайрат» пен «Атырау» арасында өткен финал да бар. Ел кубогында Кучин 1 пенальти, 9 сары қағаз және 1 қызыл қағазбен көзге түскен.

Денис Измайлов биыл Қазақстан чемпионатында 12 ойында бас төреші болыпты. 3 пенальти көрсетіп, оның екеуін қонақ команданың қақпасына белгілепті. Қалтасынан 50 сары қағаз алып шыққан. Оның 27-сі қонақ команданың ойыншыларына көрсетілген. Үш рет қызыл қағаз көрсетіп, екі рет қонақ команданың ойыншысын қуған. Ел кубогында екі ойында қызмет еткен. Осы екі матчта футболшыларға 4 рет сары қағаз көрсетіп, бір ойыншыны алаңнан қуған.

Марат Ысқақов биылғы Премьер-лигада 13 ойында бас төрешінің қызметін атқарып, бес пенальти белгілепті. Оның қонақ команданың қақпасына. 59 рет қалтасынан сары қағаз алып шығып, 32 рет алаң иелерінің ойыншыларын жазалапты. Ешкімді алаңнан қумаған. Есесіне ел кубогында қызмет еткен екі кездесуінде 9 сары қағаз көрсетіп, екі ойыншыны алаңнан қуған.


2017 жылдың үздік төрешілері:

Премьер-Лиганың үздік төрешілері – Артем Кучин (Қарағанды), Денис Измайлов (Талдықорған), Марат Искаков (Астана);

Премьер-Лиган төрешілерінің үздік көмекшілері – Евгений Бельский (Тараз), Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Айдын Тасыбаев (Павлодар), Рустам Бейжанов (Петропавл);

Бірінші Лиганың үздік төрешілері – Рустам Омаров (Алматы), Булат Сариев (Орал);

Әйелдер арасындағы үздік төреші – Эльвира Нұрмұстафина (Теміртау).

Семинар соңында арбитрлар арасында бүкілодақтық дәрежедегі төреші Владимир Толчинскийді еске алуға арналған турнир өтіп, финалда Шығыс Қазақстан командасының төрешілері Астананың арбитрларын ұтып кетті.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан футболыФутбол төрешісі

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку