Қазақстан премьер-лигасының сұрмергендері – 2017

Футбол
Қазақстан премьер-лигасының сұрмергендері – 2017
Жерар Гоу 24-голын соңғы турда "Ақтөбенің қақпасына соқты. Фото: fckairat.com
Қазақстан премьер-лигасында үшінші жыл қатарынан «Қайраттың» қарымды шабуылшысы Жерар Гоу сұрмерген атанды.

Кот-д'Ивуар шабуылшысы 2015 және 2016 жылдары 22 голдан соқса, биыл осы көрсеткішін арттырып, 24 гол соқты. Әншейінде пенальти теппейтін Жерер Гоу (1988 жылы туған) биыл бір рет 11-метрлік айып соққысын орындады да. Мүлт кеткен жоқ.

Екінші және үшінші орындарға «Астана» клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга (1989) және әмбебап ойыншысы Патрик Твумаси (1994) ие болды. Бұл екеуі 19 және 13 голдан соқты. Қазақстан футболшыларының ішінде ең көп гол соққан – Бауыржан Исламхан (11 доп, 1993 ж.т.).

Ең көп гол соққан сұрмергендер тізімі:


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Джуниор КабанангаПатрик ТвумасиБауыржан ИсламханЖерар ГоуҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыПенальтиГолСұрмергендерKazakhstan Premier LeagueJunior KabanangaGerard GohouPatrick TwumasiBauyrzhan IslamkhanGoalPenalty

Вернуться назад