2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ресми қорытындысы

Футбол
2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ресми қорытындысы
2017 жылғы Қазақстан чемпионы – «Астана». Фото: fca.kz
Футболдан ХХVІ Қазақстан чемпионатының премьер-лигадағы додасы 5 қараша күні көмбесіне жетті.

ХХVІ Қазақстан чемпионаты әлі толық аяқталған жоқ. Ел біріншілігінің соңғы матчы алдағы 9 қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Бұл ойын «Өтпелі матч» деп аталады. Онда премьер-лигада 10-орынға ие болған «Ақжайық» пен Бірінші лигада үшінші орынды иеленген «Мақтаарал» клубы кездеседі.

Осы ойында жеңіске жеткен команда келесі жылы премьер-лигада ойнау құқығына ие болады. Ал жеңілгені Бірінші лигада доп тебеді. Егер ойын тең аяқталса, онда 15 минуттық екі экстра-тайм өткізіледі (2х15). Егерде мұнда да жеңімпаз анықталмаса, онда пенальти сериясына жүгінуге тура келеді.

Біз бүгін премьер-лигадағы кейбір деректерге тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Дәлірек айтқанда, қайсыбір статистикалық деректерге атүсті тоқтала кетпекпіз. Жалпы, еліміздің жоғары тобындағы доп додасын әлі жан-жақты қорытындылайтын боламыз.

Ресми қорытынды деректер:

2017 жылғы чемпион – «Астана»

2017 жылғы күміс жүлдегер – «Қайрат»

2017 жылғы қола жүлдегер – «Ордабасы»

2017 жылы премьер-лигадан бірінші лигаға түсіп қалған командалар – «Тараз» және «Оқжетпес»

2018 жылғы премьер-лига жолдамасын жеңіп алған командалар – «Жетісу» және «Қызыл-Жар»

2018 жылғы премьер-лиганың үшінші жолдамасын сарапқа салатындар – «Ақжайық» және «Мақтаарал».

2017 жылғы Қазақстан кубогының иегері – «Қайрат»

2017 жылғы Қазақстан кубогының финалына шыққан клуб – «Атырау»

2018 жылы УЕФА Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайтын клуб – «Астана».

2018 жылы УЕФА Еуропа лигасында бақ сынайтын клубтар – «Қайрат», «Ордабасы» және «Ертіс» (4-орын).

Ең, ең, ең....

Ең көп ұпай жинаған команда – «Астана» (79),

Ең аз ұпай жинаған команда – «Оқжетпес» (24),

Ең көп жеңіске жеткен команда – «Астана» (25),

Ең аз жеңіске жеткен командалар – «Оқжетпес» және «Ақжайық» (7),

Ең аз жеңілген команда – «Қайрат» (1),

Ең көп жеңілген команда – «Оқжетпес» (23),

Ең көп тең түскен команда – «Ертіс» (12),

Ең аз тең түскен команда – «Оқжетпес» (3),

Ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (75),

Ең аз гол соққан команда – «Оқжетпес» (28),

Ең аз гол жіберген команда – «Астана» (21),

Ең көп гол жіберген команда – «Оқжетпес» (61),

Ең үздік доп айырмасы – «Астана» (+53),

Ең нашар доп айырмасы – «Оқжетпес» (–33).


* Ескерту – «Атыраудан» 3 (үш), ал «Тараздан» 6 (алты) ұпай шегерілген

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат""Шахтер" ФКГол"Жетісу""Оқжетпес""Тобыл""Ақтөбе""Ертіс""Ақжайық"Бірінші лига"Қайсар""Қызыл-Жар""Мақтаарал""Астана" ФК"Атырау" ФК"Ордабасы" ФК"Тараз" ФК"Өтпелі матч"

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку