Жанкүйерлерінің қылығы үшін ҚФФ «Атырауға» айыппұл салды

Футбол
Жанкүйерлерінің қылығы үшін ҚФФ «Атырауға» айыппұл салды
Фото Әлеуметтік желіден алынды
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті «Атырау» футбол клубына 200 000 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІ турында «Атырау» өз алаңында «Таразды қабылдаған. Осы матчтың барысында жергілікті жанкүйерлер стадион трибунасында Қазақстан футбол федерациясына бағышталған үлкен баннерді керіп ұстап тұрды.

Бұл баннерде «ФФК Mafi’a $, Орын керек маған! Қанша керек саған?» деген сөздер жазылған және АҚШ долларының белгісі салынған еді. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті кезекті отырысын өткізіп, күн тәртібінде осы мәселені де қараған.

Әрі «Атырау» футбол клубына 200 000 мың теңге көлемінде айыппұл салыпты. Мұны «стадионда жанкүйерлердің қорлау сипатындағы көрнекі үгіт-насихат құралын көпшілік алдында жария еткендері үшін» деп түсіндірген.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыҚазақстан футбол федерациясыТәртіптік-бақылау комитеті"Атырау" ФКЖанкүйерлерKFFKazakhstan Premier LeagueFC AtyrauБаннерАйыппұл

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку