Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде төмен құлдырап келеді

Футбол
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде төмен құлдырап келеді
Қазақстан және Армения құрамалары арасындағы матчтан. Фото: kff.kz
FIFA-ның ұлттық құрамалар арасындағы рейтингісі бүгін жарияланды. Қазан айында Қазақстан құрамасы тағы да төмен сырғып, 133-орынға табан тіреді.

Қазан айындағы FIFA рейтингісі 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойындары аяқталған соң жаңғыртылды. Қазақстан ұлттық құрамасы қазанның басында екі ойын өткізіп, біреуінде ұтылып, ең соңғысында тең түсен болатын.

Атап айтқанда, түзде Румыния құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп, Астанада Армения футболшыларымен итжығыс түсті (1:1). Бұл нәтижелер, әрине, FIFA рейтингісінде кері әсерін тигізіп, ұлттық құрамамыз жеті саты төмен сырғыды. Ал өткен айда 21 саты төмен құлдыраған болатын...

Бұл айда жоғары қарай серпіліс жасаған құрамалардың бірі Түркіменстан құрамасы болыпты. Олар 22 саты жоғары өрлеп, 114-орынға жайғасқан. Көрші қырғыз бен тәжік те бізден жоғары орналасқан. Көпшілікке беймәлім мемлекеттердің біразынан да төмен түсіп қалыппыз...

FIFA рейтингісі. Алғашқы ондық:

1 (1). Германия – 1631 ұпай
2 (2). Бразилия – 1619
3 (3). Португалия – 1446
4 (4). Аргентина – 1445
5 (5). Бельгия – 1333
6 (6). Польша – 1323
7 (8). Франция – 1226
8 (11). Испания – 1218
9 (9). Чили – 1173
10 (12). Перу – 1160

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

6 (6). Польша – 1323
19 (26). Дания – 1001
45 (41). Румыния – 705
54 (37). Црна Гора – 640
90 (83). Армения – 392
133 (126). Қазақстан – 231

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

30 (24). Украина – 888
65 (64). Ресей – 563
76 (69). Өзбекстан – 470
80 (84). Эстония – 429
90 (83). Армения – 392
91 (77). Беларусь – 391
107 (103). Грузия – 306
114 (). Түркіменстан – 279
115 (92). Әзірбайжан – 273
120 (122). Қырғызстан – 265
123 (140). Тәжікстан – 255
129 (148). Латвия – 233

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: ФИФАҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаРейтингKazakhstan national football teamFIFA World Cup QualificationFIFA Ranking

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку