Армения Астана сапары алдында оңбай сүрінді

Футбол
Армения Астана сапары алдында оңбай сүрінді
Армения – Польша – 1:6. Фото: uefa.com
2018 әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы ойнайтын «E» тобындағы қалған екі ойында қонақтар жеңіске жетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының келесі қарсыласы, яғни Армения құрамасы өз алаңында оңбай ұтылды. Польша құрамасын Арарат аңғарында қабылдап, 1:6 есебімен ойсырай ұтылып қалды. Робер Левандовски бұл ойында хет-трик жасады.

Ал Подгорицада өткен ойында Црна Гора құрамасы Дания футболшыларына ұтылып қалып, жағдайын тығырыққа тіреп алды. Түзде жалғыз голмен басым түскен дат футболшылар турнир кестесінде «қаратаулықтардың» алдын орап кетті. Әйтсе де, бәрі де соңғы турда шешледі.

Өкінішке қарай, ақырғы ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе де, Армения футболшыларын қуып жете алмайтын болды. Біздің футболшыларымыз бұл іріктеу додасын соңғы орынмен тәмамдайды. Ал қалған екі ойында әлем чемпионатына тікелей шығатын команда мен қосымша жолдамаға таласатын құрама анықталады. .  

Румыния – Қазақстан – 3:1 (2:0)

Голдар: Будеску, 33 (1:0). Будеску, 38-пенальтиден (2:0). Кешеру, 73 (3:0). Тұрысбек, 82 (3:1).

Армения – Польша – 1:6 (1:3)

Голдар: Амбарцумян, 39 – Гросицки, 2. Левандовски, 18. Левандовски, 25. Блащиковски, 58. Левандовски, 64. Вольски, 89.

Црна Гора – Дания – 0:1 (0:1)

Гол: Эриксен, 16.

Қалған ойындар:

8 қазан, 2017 жыл

Польша – Црна Гора
Дания – Румыния
Қазақстан – Армения

Тоғызыншы турдан кейінгі турнир кестесі


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Роберт ЛевандовскиГенрих МхитарянҚазақстан құрамасыҰлттық құрама2018 жылғы әлем чемпионатыІріктеу ойындарыKazakhstan national football teamАрмения құрамасыFIFA World Cup Qualification2018 FIFA World CupРумыния құрамасы

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку