Үшеуі әлі дәмелі, үшеуі үмітін үзді

Футбол
Үшеуі әлі дәмелі, үшеуі үмітін үзді
Польша – Қазақстан – 3:0. Фото: dziennikzachodni.pl
2018 жылғы әлем чемпионатының Еуропадағы іріктеу додасы аясында сегізінші турдың ойындары өтіп, көмбесі көріне бастады...

«Е» тобындағы сегізінші турдың ойындары аяқталды. Црна Гора футболшылары Астанадағы жеңісінен кейін, өзалаңында Румыния құрамасын да тізе бүктірді. Ал Армения аяқдопшылары Арарат аңғарында Данияның жанкешті жігіттерінен ойсырай ұтылып қалды.

Бұл топтағы жағдай белгілі болып қалды. Әлем чемпионаты жолдамасынан үш-ақ құрама – үмітті. Қалған үшеуі енді лицензия туралы ойламайды да. Қазақстан және Армения құрамаларының Еуропаның азулы құрамаларымен әзірше тайталаса алмайтындығы әу баста белгілі болған. Ал Румыния футболшылары сенім үдесінен шыға алмай, жанкүйерлерін жерге қаратты.    

2018 жылғы әлем чемпионаты, Еуропадағы іріктеу дода. «Е» тобы, VІІІ тур.

Польша – Қазақстан – 3:0 (1:0)
Црна Гора – Румыния – 1:0 (0:0)
Армения – Дания – 1:4 (1:2)

Сегізінші турдан кейінгі турнир кестесі


Қалған ойындар:

5 қазан, 2017 жыл

Армения – Польша
Црна Гора – Дания
Румыния – Қазақстан

8 қазан, 2017 жыл

Польша – Црна Гора
Дания – Румыния
Қазақстан – Армения


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыҰлттық құрамаӘлем чемпионатыІріктеу ойындарыKazakhstan national football teamPolskaҚосымша жолдамалар

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку