Сербия басылымы – Жерар Гоу айына 100 мың доллар алады

Футбол
Сербия басылымы – Жерар Гоу айына 100 мың доллар алады
Жерар Гоу кезекті голын соқты. Фото: fckairat.com
Сербиядағы «Спортски журнал» басылымының сайты «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы «айына 100 мың доллар жалақы алады» деп жазды.

Аталған басылымның баяндауынша, Белградтың «Партизаны» бесаспап шабуылшы іздеп жүрген көрінеді. Өйткені, Урош Джурджевич Грекияның «Олимпиакос» клубына ауысып кеткен. Енді бейсенбіге дейін басқа сұрмерген келуі керек екен. Себебі, бұл елдегі трансфер кезеңі ертең түнде жабылады.

Сербия басылымның мәлімдеуінше, Белград клубы «Қайраттың» сапында ерекше көзге түсіп жүрген Жерар Гоуға қызығушылық танытқан. Бірақ «Спортски журнал» бұл шабуылшы «Партизанға» ауысады дегенге сенбейді, күмән келтіреді. Себебі «Гоу Қазақстанда айына 100 мың доллар ақша алады, Алматы клубы оны сатып жібергісі келсе де, оның мұндай жалақыдан бас тарта қоюы екіталай» деп жазады.

Бұдан әрі «Қайраттың» “қанша қарымақы сұрайтындығы да белгісіз” деп, бұл трансферді тым шиеленістіріп жіберген. Әйтсе де, Жерар Гоудың келісімшарты биылғы жылдың аяғында түгесілетіндігін, Кот-д'Ивуар шабуылшысының Қазақстан премьер-лигасында (осы маусымда) 24 ойын өткізіп, 17 гол соққандығын тілге тиек еткен.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Жерар ГоуҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"Трансфер жаңалықтарыKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyGerard Gohou"Партизан" Белград"Спортски журнал"

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку