«Ертіс» пен «Қайсар» гол соғудан қалып барады

Футбол
«Ертіс» пен «Қайсар» гол соғудан қалып барады
«Ертіс» – «Қайсар» – 0:0. Фото: fcirtysh.kz
«Ертіс» пен «Қайсар» 90 минут бойы бір-бірінің қақпасына гол соға алмай, тең түсті.

«Ертіс» жаз бойы сегіз ойын өткізіп, үш-ақ гол соқты. Екі голды соңғы рет мамыр айының соңында «Ақтөбеге» соққан. Жаз басталғалы бір доп соғудың өзі мұң болып тұр. Бүгін «Қайсардың» қақпасына да гол соға алмады. Тең түсуден Қазақстан премьер-лигасында алға шықты. Биыл тоғызыншы рет “итжығыс” түсіп отыр.

«Қайсар» болса, биылғы маусымдағы ең аз гол соққан – команда. Қазақстан премьер-лигасында осы көрсеткіш жағынан көш соңында қалып тұр. 24 ойында 18 гол ғана соқты. Бүгін «Ертістің» бір ойыншысы алаңнан қуылып (71-минутта), кем құрамда қалғанда да, доп соғудың қисынын келтіре алмады.

Ертіс жағасындағы бүгінгі ойын осылай “қақпасыз” өткендей болды. «Қайсар» үшін әрбір ұпай маңызды. Әрі түзде тең түсіп отыр. Ал «Ертіс» өз алаңында екі ұпай жоғалтып отыр. Енді үшінші орындағы «Ордабасыны» қуып жету мүмкін емес те сияқты. Ойыншыларын жігерлендіре алатын Димитар Димитров кеткен...

Өз алаңы демекші, «Ертіс» биыл Павлодарда жанкүйерлерін көп қуанта алмай жүр. Биыл Ертістің жағасындағы «Орталық» стадионда үш-ақ рет жеңіске жетті. Соңғы рет, 24 маусым күні дәл осы «Қайсарды» ұтып еді (1:0). Бүгін сол жетістігін қайталай алмады.

«Ертіс» – «Қайсар» – 0:0

Ескертулер: Алиев, 21. Әмірсейітов, 25. Курьор, 31. Байжанов, 31. Стаменкович, 57. Коробкин, 71, Граф, 90+1.

Алаңнан қуылды: Стаменкович, 71 (екінші ескерту)

«Ертіс»: Лория (к), Есімов, Стаменкович, Кислицын, Живкович, Родриго, Алиев (Калинин, 63; Дәуітов, 76), Дарабаев, Фонсека, Фофана (Огиря, 63), Бугаев.

Қосалқы құрам: Калмыков, Попов, Смайылов, Түлиев, Гетериев, Шабалин.

«Қайсар»: Исламқұлов, Әмірсейітов, Граф, Ламанж, Чуреев, Коробкин, Камара, Курьор, Аржанов (Бойович, 67), Байжанов (к) (Сақалбаев, 83), Джа Джедже (Жаңғылышбай, 90+3).

Қосалқы құрам: Григоренко, Алтынбеков, Мулдаров, Нарзілдаев, Балтаев, Омаров.

Төрешілер: Атажанов (Шымкент), Лабашов (Атырау), Гусев (Көкшетау).

20 тамыз. Павлодар, «Орталық». 3500 көрермен.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Димитар ДимитровВячеслав ГрозныйҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыГол"Ертіс""Қайсар"Kazakhstan Premier LeagueKaisar KyzylordaIrtysh Pavlodar

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку