Жас батырлар Петербордан туған елге оралды

Футбол
Жас батырлар Петербордан туған елге оралды
Ленинградтағы өрендеріміз туған елге оралды! Фото: kff.kz
ХХІХ "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізген еліміздің жасөспірімдер құрамасы туған елге оралды.

«19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы елге оралды. Алматы әуежайында команданы туған-туыстары, жанкүйерлер және журналистер күтіп алды. Олар футболшыларды Гранаткин мемориалында жеткен табыстарымен құттықтады», – деп ақпарат таратты Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан U-19 құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Гранаткин мемориалы» халықаралық турнирінде тұңғыш рет жүлделі орынға ие болып, күміс медаль олжалап қайтты.

Нева жағалауындағы 15 елдің 16 командасы сынға түскен додада қазақтың да доп тебу білетіндігін паш етіп қайтты. Бұған дейін біздің жеткіншектеріміз Гранаткин турнирі тарихында 14-орыннан (2015 жылы) жоғары көтеріліп көрмеген болатын.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыКүміс жүлдеГранаткин мемориалыҚазақстан U-19ӘуежайЕкінші орын

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку