Екі қазақ Гранаткин турнирінің үздік ойыншысы атанды

Футбол
Екі қазақ Гранаткин турнирінің үздік ойыншысы атанды
Гранаткин мемориалының үздіктері. 2017 жыл, қаңтар. Фото: granatkin.com
Санкт-Петербургте аяқталған ХХІХ "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінің үздік ойыншылары жарияланды. Екеуі – қазақ жігіттері, Еркебұлан Сейідахмет пен Айдос Орал.

Кеше түнде «Гранаткин мемориалы – 2017» халықаралық турнирі аяқталып, салтанатты түрде жабылды. Әрі қорытындысы шығарылды. Финалдық ойын аяқталған соң әр шептегі үздік ойыншылар да анықталды:

Үздік қақпашы – Фредерик Валах (Словакия),

Үздік қорғаушы – Станислав Уткин (Ресей),

Үздік жартылай қорғаушы Айдос Орал (Қазақстан),

Үздік шабуылшыЕркебұлан Сейідахмет (Қазақстан).

Турнирдің сұрмергені – Ефрем Вартанян (Санкт-Петербург) – 5 гол,

Турнирдің ең бағалы ойыншысы – Никита Каккоев (Ресей).

Шешуші ойындар:

Финал: Ресей – Қазақстан – 1:0

3-орын үшін: Санкт-Петербург – Грекия – 4:2

5-орын үшін: Словакия – Латвия – 2:0

7-орын үшін: Словения – Болгария – 3:0

9-орын үшін: Әзірбайжан – Беларусь – 1:1 (пенальтиден – 5:4)

11-орын үшін: Молдова – Эстония – 1:0

13-орын үшін: Литва – Иран – 3:1

15-орын үшін: Тәжікстан – Үндістан – 1:0

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан құрамасыҮздік жартылай қорғаушыҮздік шабуылшыГранаткин мемориалыҚазақстан U-19Еркебұлан СейідахметАйдос Орал

Вернуться назад