«Астана» «Тобылды» ұтып, үш ұпай еншіледі

Футбол
«Астана» «Тобылды» ұтып, үш ұпай еншіледі
«Астана» – «Тобыл» – 2:0. Фото: fctobol.kz
ХІХ турда «Астана» өз алаңында «Тобылды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетіп, қоржынына үш ұпай салды.

Бір қызығы, бұл ойында «Астананың» «Тобылға» жалға берілген ойыншылары негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Атап айтқанда, Алексей Щеткин, Дидар Жалмұқан және Аздрен Ллуллаку үшеуі қосалқы құрам орындығында отырды. Қонақтардың бас бапері Роберт Евдокимовтің мәлімдеуінше – әр түрлі себептермен...

Бұл үшеуі де «Тобылдың» шабуыл өтінде атой салып жүрген футболшылар болатын. Сондықтан бүгін қонақтардың алғы шебінде тек босниялық Амир Бекич ойқастады. Осыдан болар, қонақтар қорғанысқа көп көңіл бөліп, қарсы шабуылдар ұйымдастыруға тырысты.

Бесаспап шабуылшылары алаңға шықпаған «Тобылды» алаң иелері аса қиналмай жеңді. Патрик Твумаси әр таймда бір голдан соғып, «Астана» жеңіске жетті. Сөйтіп, екінші орындағы «Қайраттан» сегіз ұпай ұзап кетті. Бірақ алматылықтар ертең оны қайтадан қысқарта алады.

Айта кетуге тиіспіз, «Астана» да бүгін кейбір ойыншыларын алаңға шығармай, Чемпиондар лигасындағы маңызды ойыны қарсаңында дамылдатып алды. Дәл қазір ел чемпионының қосалқы құрамында ойыншылары жетерлік, осылай араластырып ойнауға болады.

«Астана» – «Тобыл» – 2:0 (1:0)

Голдар: Твумаси, 43. Твумаси, 70.

Ескертулер: Шомко, 26. Жарынбетов, 45. Молдақараев, 57. Аничич, 59. Квеквескири, 69.

«Астана»: Эрич (к), Бейсебеков, Постников, Аничич, Шомко (Логвиненко, 72), Маевский, Кляйнхайслер (Граховац, 75), Мұжықов, Муртазаев (Кабананга, 68), Твумаси, Деспотович.

Қосалқы құрам: Мокин, Шитов, Прокопенко, Тағыберген, Шайыхов, Малый.

«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Шиков, Кассай, Мирошниченко, Мухутдинов (к), Квеквескири, Жарынбетов, Джалилов, Вух (Жулпа, 70), Бекич (Молдақараев, 46).

Қосалқы құрам: Бұсұрманов, Жалмұқан, Жақыпов, Ллуллаку, Щеткин, Жұмасқалиев, Гурман.

Төрешілер: Абданбаев (Тараз), Тихонюк (Ақтөбе), Субботин (Талдықорған).

22 шілде. Астана, «Астана-Арена». 3500 көрермен.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Алексей ЩёткинFC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Тобыл"Дидар Жалмұқан"Астана" ФКKazakhstan Premier LeagueTobol KostanayАздрен Ллуллаку

Вернуться назад