Кахабер Цхададзе ақыры «Қайраттан» кетті

Футбол
Кахабер Цхададзе ақыры «Қайраттан» кетті
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе қызметінен кетті. Фото: fckairat.com
«Қайрат» футбол клубының Кахабер Цхададзеге деген сенімінің шегін Албанияның «Скендербеу» клубы үзгендей...

Жұма күні түн қараңғысында, яғни шілденің 21-інен 22-іне ауған кеште «Қайрат» футбол клубы бас бапкерін қызметінен босатқанын ресми түрде мәлімдеді. Клубтың баспасөз қызметі Кахабер Цхададзенің өз еркімен кеткенін жариялады.

«Қайрат» футбол клубының ресми сатй таратқан дерекке сенсек, Алматы клубы бас бапкеріне өз міндетін одан әрі жалғастыра беруге ұсыныс жасаған. Бірақ Кахабер Цхададзе өз шешімінен қайтпай, қызметінен кеткен. Команданың Еуропа лигасындағы сәтсіздігіне жауапты екендігін алға тартқан.

Грузия маманы «Қайрат» футбол клубына былтыр көктемде келген. Содан бері Алматы клубы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алды. Бірақ саф алтынға қол жеткізе алмай, екі жыл Еуропа лигасында екінші кезеңнен аса алмады.

Отандық ақпарат көздеріне сенсек, әзірше бас бапкерлік қызметті Сергей Лабодовский уақытша атқаратын көрінеді. Оған Андрей Карпович көмектеседі екен. Клуб осы жаттықтырушылардың жетекшілігімен жексенбі күні «Атырау» клубымен өтетін ойынға дайындалатын болыпты.      

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Андрей КарповичКахабер ЦхададзеСергей ЛабодовскийҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"Бас бапкерKazakhstan Premier LeagueKairat Almaty

Вернуться назад