Рохер Каньяс енді «Ордабасы» клубында ойнайды

Футбол
Рохер Каньяс енді «Ордабасы» клубында ойнайды
«Ордабасы» футбол клубы Рохер Каньяспен келісімшартқа отырыпты. Фото: fcordabasy.kz
Бүгін «Ордабасы» футбол клубы Рохер Каньяспен келісімшартқа отырғандығын ресми түрде жариялады.

«Ордабасы» футбол клубы Колумбияның жартылай қорғаушысы Рохер Каньяспен келісімшартқа отырыпты. Бірақ еңбек келісімінің мерзімі көрсетілмеген. Алайда Шымкент клубы сапына ресми түрде тіркелген. Ертең «Ақжайықпен» болатын ойында алаңға шыға алады екен.

Жалпы, Рохер Каньяс Қазақстан 2012 жылдан бері ойнап жүр. Әуелі Қарағандының «Шахтерінің», одан кейін «Астананың» сапында доп тепті. Қазақстан премьер-лигасында 142 матч өткізіп, 19 гол соққан. Төрт рет біздің елдің чемпионы атанды. Ел кубогы мен суперкубогының да жеңімпазы атанды. Енді, «Ордабасы» клубын алға сүйремекші...

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыТрансфер жаңалықтары"Шахтер" ФК"Астана" ФК"Ордабасы" ФКРохер КаньясKazakhstan Premier LeagueOrdabasy ShymkentRoger Canas

Вернуться назад