Бірінші лига – Төрт ойында 16 гол соғылды

Футбол
Бірінші лига – Төрт ойында 16 гол соғылды
«Шахтер-Болат» – «Қайрат А» – 2:3. Фото: shahter.kz
Өткен демалыс күндері Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында ХІІІ турдың ойындары өтті. Өте нәтижелі тур болды. Төрт ойында 16 гол соғылды...

«Жетісу» жеткізер емес. Бұл турда Оңтүстік Қазақстан облысына, дәлірек айтқанда, Жетісайға барып, жергілікті «Мақтатарал» клубын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Бірінші таймда-ақ төрт гол соғып, үстемдік танытты. Сөйтіп бәсекелестерінен қара үзіп кетті.

«Қызыл-Жар» өз алаңында көш соңындағы «Екібастұз» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ жеңіс оңайшылықпен келмеді. Алаң иелері бірінші таймда бір гол соғып алған. 76 минутта қонақтардың бір ойыншысы алаңнан қуылды (Асхат Мыңбаев). Әйтсе де, екінші голды тек соңғы секундтарда соқты.

«Қайраттың» жастары түзде «Шахтердің» ізбасарларынан басым түсті. Тартысты өткен ойында үш гол пенальтиден соғылды. Қонақтар алғашқы екі голдарын пенальтиден соғып, алға шықты. Бұдан кейін алаң иелері де 11 метрлік айып соққысын орындау мүмкіндігіне ие болып, есепті қысқартты.

63-минутта «Қайраттың» бір ойыншысы алаңнан қуылды (Мадияр Райымбек). Бірақ «Шахтер-Болат» артық құрамда ойнаса да, таразы басын теңестіре алмады. Айтпақшы, «Қайрат-А» ивуарлық легионерлері алаңға шықты. Седрик Гогуа бастан-аяқ ойнаса, Мохамед Конате екінші таймда шықты.

Тек қазақ жігіттерінен жасақталған «Байқоңыр» клубы өз алаңында «Қыран» командасын ойсырата жеңіп, төртінші орынға көтерілді. Қызылордалықтар бірінші таймда үш гол соғып алды да, төртінші допты матчтың негізгі уақытына қосылған қосымша минуттардың аяғында енгізді.

«Мақтаарал» – «Жетісу» – 1:4 (0:4)

Голдар: Ибраев, 5 (0:1). Ибраев, 9 (0:2). Касьянов, 19 (0:3). Хромцов, 45+1 (0:4). Махамбетов, 48 (1:4).

«Қызыл-Жар СК» – «Екібастұз» – 2:0 (1:0)

Голдар: Мульдинов, 19. Павинич, 90+2.

«Шахтер-Болат» – «Қайрат А» – 2:3 (1:2)

Голдар: Жағыппар, 4-пенальтиден (0:1). Жағыппар, 27-пенальтиден (0:2). Ветров, 45+2-пенальтиден (1:2). Әбікен, 81 (1:3). Сматов, 90+3 (2:3).

«Байқоңыр» – «Қыран» – 4:0 (3:0)

Голдар: Абзалов, 1. Рүстемов, 41. Төлегенұлы, 44 (3:0). Серік, 90+1.


Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Қазақстан чемпионаты"Жетісу"Бірінші лига"Қызыл-Жар""Шахтер-Болат""Екібастұз""Мақтаарал""Байқоңыр""Каспий" ФК"Қыран""Қайрат А"Kazakhstan Premier League

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку