«Тобыл» «Ақжайықты» тізе бүктіріп, төртінші орынға көтерілді

Футбол
«Тобыл» «Ақжайықты» тізе бүктіріп, төртінші орынға көтерілді
«Тобыл» – «Ақжайық» – 2:0. Фото: fctobol.kz
«Тобыл» ХХ турда көш соңындағы «Ақжайықты» қабылдап, жеңіске жетті де, «Ертісті» қуып жетіп, төртінші орынға орналасты.

«Ақжайық» екінші айналымда төмен сырғып, соңғы орыннан бір-ақ шыққан. Шегінерге жол жоқ. Сондықтан «Тобылмен» өткен түздегі ойында барын салды. Тіпті бірінші таймда алаң иелерін тықсырып, дес берген жоқ. Бірақ гол соға алмай, пұшайман болды.

Қонақтар шабуыл ұйымдастырып, қауіп бұлтын төндірумен болды-ақ. Бірақ гол соғудың сәті түспеді. Әрі «Тобылдың» қарқынаны 70 минут қана төтеп берді. Одан кейін деңгейі жоғарылау клубтың ойыншыларынан көз жазып қала берді...

«Тобыл» болса, екінші таймда кейбір ойыншыларын ауыстырып, Орал клубынан айласын асырды. Әрине, «Тобылдың» қабілеті мен деңгейі бұдан да жоғары. Жаңа бас бапкері Роберт Евдокимовтің «біз өз мүмкіндігіміздің 30 пайызын ғана жүзеге асыра алдық» деп отырғаны содан...

Егер Евдокимов «Тобылды» түлетіп, Қостанай клубы өз мүмкіндігі мен қабілетін 100 пайыз жүзеге асырар болса, онда өзімен үзеңгі қағыстырған «Ертіс» тұрмақ, үшінші орындағы «Ордабасы» да төмен ығысуға мәжбүр болатын шығар...

«Тобыл» – «Ақжайық» – 2:0 (0:0)

Голдар: Кассай, 70. Молдақараев, 74.

Ескертулер: Джалилов, 52. Николич, 74. Сартаков, 75. Одибе, 77. Шмидт, 82.

«Тобыл»: Непогодов, Мирошниченко (Жарынбетов, 80), Кассай, Жулпа, Сартаков, Мухутдинов (к), Джалилов (Жұмасқалиев, 64), Квеквескири, Вух (Молдақараев, 46), Ллуллаку, Щеткин.

Қосалқы құрам: Павлов, Шұбаев, Жалмұқан, Гурман, Жақыпов, Левин.

«Ақжайық»: Төлебаев, Ерсәлімов (Тапалов, 82), Николич, Одибе, Шмидт, Говедарица, Сапанов (к), Антипов (Заречный, 65), Перцух, Дудченко, Аренас (Шабаев, 75).

Қосалқы құрам: Котляр, Изу Азука, Аяғанов.

Төрешілер: Московченко (Павлодар), Орынбаев (Шымкент), Шәріпов (Атырау).

15 шілде. Затобол ауылы, «Затоболец» стадионы. 1850 көрермен.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Роберт ЕвдокимовҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Тобыл""Ақжайық"Жасұлан МолдақараевНұрбол ЖұмасқалиевKazakhstan Premier LeagueTobol KostanayAkzhayik Oral

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку