«Атыраудың» кежегесі кейін тартып, «Тараз» түзде алғаш рет жеңіске жетті

Футбол
«Атыраудың» кежегесі кейін тартып, «Тараз» түзде алғаш рет жеңіске жетті
«Атырау» – «Тараз» – 1:3. Фото: rfcatyrau.kz
«Тараз» ХІХ турда Атырауда жеңіске жетіп, “мұнайшылардан” бірінші айналымдағы жеңілісінің есесін қайтарды.

Бірінші айналымдағы Таразда өткен матчта «Атырау» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал бүгін Талгаевтың жас талантары Жайық жағасында атой салып, жеңіске жетті. Алаң иелері білгендерінен жаңылып, қонақтарын тоқтата алмай қалды.

Жалпы, «Атырау» тағы да тоқырау кезеңіне тап болғандай. Кехегесі кейін тартып барады. Міне, екінші рет қатарынан жеңіліске ұшырап отыр. Өткен турда «Оқжетпестен» ұтылып қалған. Енді өз алаңында жанкүйерлерін жерге қаратып, «Таразға» төтеп бере алмады.  

Бір қызығы, “мұнайшылар” сәуір мен мамырда нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, жоғары өрлеген. Ал жаз басталғалы қайтадан төмен сырғып келеді. Маусымнан бері бес ойын өткізіп, төртеуінде ұтылды. Тек «Ақтөбені» жеңді. Бүгін қайта гол соқты. Әлгі төрт жеңілісінің үшеуінде доп соға да алмаған.  

«Тараз» болса, бауырын жазып келеді. Өткен турда «Астананың» өзі қорғанысын бұза алмай, қара терге түскен. Бүгін Талгаевтың тарландары «Атыраудан» айласын асырып, биылғы маусымда алғаш рет түзде жеңіске жетті. Жайық жағасынан үш ұпай олжалап қайтты.

«Атырау» – «Тараз» – 1:3 (0:1)

Голдар: Морис, 21 (0:1). Хайруллин, 64 (1:1). Морис, 71 (1:2). Таубай, 75 (1:3).

Ескертулер: Абдрахманов, 25. Обшивач, 57.

«Атырау»: Нарзикулов, Абдрахманов, Аблитаров, Обшивач, Джокич, Саломов (Нұрыбеков, 68), Максимович, Қалмұратов, Сергиенко (Двалишвили, 46), Хайруллин (к) (Сүлей, 72), Тәжімбетов.

Қосалқы құрам: Пасеченко, Сикимич, Мәжитов, Қайыраллиев, Коробов, Сапаров.

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов (к), Шипицин, Миюшкович, Шадманов, Горбанец, Диара, Фещук, Зайнутдинов (Сейідахмет, 68), Таубай (Эргашев 89), Морис (Байжанов, 87).

Қосалқы құрам: Логиновский, Нұралы, Хайруллин, Қожамберді, Горячий.

Төрешілер: Сахи, Айжігітов, Жақсылық (бәрі де – Қызылорда).

08 шілде. Атырау, «Мұнайшы» стадионы. 4500 көрермен.


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Ваит ТалгаевҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Атырау" ФК"Тараз" ФКKazakhstan Premier LeagueFC AtyrauFC TarazVait Talgayev

Вернуться назад