Директорлар орын ауыстырғанмен, деңгейіміз өзгере ме?..

Футбол
Директорлар орын ауыстырғанмен, деңгейіміз өзгере ме?..
"Тобыл" футбол клубы директорын ауыстырды. Фото: fctobol.kz
Қазақта «көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтінді өзгермейді» деген мәтел бар еді...

Кеше ғана Қостанайдың «Тобылы» директорын ауытырды. Төрт жыл осы клубта жұмыс істеген Талғат Баймұратов қызметінен босатылып, оның орнына Николай Панин бекітілді. Жаңа директорды клубпен облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев таныстырып кеткен.  

Негізі, Николай Панин «Тобыл» клубына жат басшы емес. Директор болып үшінші рет тағайындалып отыр. Бұған дейін 2007-2009 және 2011-2012 жылдары Қостанай клубына басшы болған. 2014 жылдың аяғынан бастап «Оқжетпес» клубын басқарды.

Жақында, дәлірек айтқанда, мамыр айының ортасында Николай Борисович «Оқжетпес» клубынан кеткен. Енді міне, өзінің «Тобылына» қайта оралып отыр. Н.Панинге де, Қостанай клубына да табыс пен жеңіс тілейміз. Еңбектері алға бассын!

Негізгі айтпағымыз бұл емес... Айтпағымыз, Қазақстан футболында директорлар, спорттық директорлар, менеджерлер көп те емес. Санаулы адамдар командадан командаға секіріп, ауысып жүре береді. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйын, бірақ ондай басшылар бізде аз емес.

Бірі Көкшетаудан Қостанайға, екіншісі Шымкенттен Көкшетауға, үшіншісі Петрпавлдан Қызылордаға ойысса, енді бірі Астана – Көкшетау – Қарағанды – Астана арасында біраз жүріп, Қызылжардан бір-ақ шықты. Осындайда, «көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтінді өзгере ме» деген сауал тіліңе оратылады екен... 

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Николай ПанинҚазақстан Премьер-лигасы"Тобыл"Талғат БаймұратовKazakhstan Premier LeagueКлуб директорыМенеджмент

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку