Капитан тұрақтамаған “Тобыл”...

Футбол
Капитан тұрақтамаған “Тобыл”...
"Тобылдан" Нұрбол да кетті, Томаш та өтті... Фото: vk.com/fctobol_officialpage
«Тобыл» футбол клубы Томаш Шимковичпен арадағы еңбек келісімін үзді. Австрия футболшысы Қостанайдан кетті...

Томаш Шимковичтің енді Қостанай клубының намысын қорғамайтындығын бүгін «Тобылдың» ресми сайты мәлімдеді. Австрия футболшысының астықты өлкеге 2014 ақпан айында келгендігін, үш жарым маусымның ішінде команданың барлық ресми ойындарына қатысқандығын, 19 гол соғып, 18 нәтижелі пас бергендігін жіпке тізді.

Іле-шала Томаш Шимкович әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы Қостанай жанкүйерлерімен қоштасты:

Енді менің «Тобыл» сапындай ойнамайтындығым ресми түрде жарияланды. Қостанай жанкүйерлеріне алғыс білдірмей кете алмаймын. Барлық жанкүйерлерге ризамын. Талғат Баймұратов пен үш жарым жылды бірге өткізген клуб қызметкерлеріне – рахмет! Командадан кеткенім үшін біреуді жазғыру, әрине, кәсіби футболшыға жарасатын қылық емес. Бірақ футболды түсінетіндер бәрін өздері де біледі, – деп жазды.

Қызық, «Тобыл» былтыр ғана капитандық мәртебені Нұрбол Жұмасқалиевтен алып, дәл осы Шимковичке берген. Томашты әспеттеп жүретін. Биыл бұл капитан да Қостанайдан кетуге мәжбүр болғандай... Сонда, «Тобылға» капитан тұрақтатпай жүрген кім? Клубтың бас бапкері ме, басқа ма?! 

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Томаш ШимковичҚазақстан Премьер-лигасыТрансфер жаңалықтары"Тобыл"Нұрбол ЖұмасқалиевКапитанKazakhstan Premier LeagueTobol Kostanay

Вернуться назад