Мамыр айының үздіктері – Джуниор Кабананга мен Сергей Павлов

Футбол
Мамыр айының үздіктері – Джуниор Кабананга мен Сергей Павлов
Мамыр айының үздігі – Джуниор Кабананга ("Астана"). Фото: fca.kz
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы мамыр айындағы үздік бапкерлер мен ойыншыларды анықтады.

Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы әдеттегідей өткен айдың үздіктерін анықтады. Әр лигадағы клубтардың, командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіліп (дауыс беру арқылы), өткен айдың қорытындысы шығарылған.

Ескерте кетерлігі, Артем Касьянов ("Жетісу", Бірінші лига) және Бақдәулет Жүзбай ("Қайрат М", Екінші лига) осымен екінші рет (ай) қатарынан үздік танылып отыр.

2017 жылғы мамыр айының үздіктері:

Премьер-лига:

Үздік жаттықтырушы – Сергей Павлов ("Атырау")

Үздік ойыншы – Джуниор Кабананга ("Астана")

Бірінші лига:

Үздік жаттықтырушы – Дмитрий Огай ("Жетісу")

Үздік ойыншы – Артем Касьянов ("Жетісу")

Екінші лига:

Үздік жаттықтырушы – Сергей Тимофеев ("Алтай")

Үздік ойыншы –  Бақдәулет Жүзбай ("Қайрат М")

pflk.kz

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Джуниор КабанангаСергей ПавловҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыБірінші лигаҮздік бапкерЕкінші лигаҮздік ойыншы

Вернуться назад