“Оқжетпес” шөп шықпай қалған алаңын қырып тастады...

Футбол
“Оқжетпес” шөп шықпай қалған алаңын қырып тастады...
"Оқжетпестің" шөп шықпай қалған алаңы... Фото: okzhetpes.kz
«Оқжетпес» футбол клубы өз стадионының жасыл желегін ауыстырып, енді табиғи шөп өсірмей, жасанды желек төсейтіндігін жариялады.

Осыдан екі күн бұрын ғана Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының арнайы комиссиясы «Оқжетпес» стадионында болып, оның жасыл желегін тексергендігін мәлімдеген. Бірақ егжей-тегжей тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізудің де қажеті болмаған...

Себебі, «Оқжетпес» стадионында көгал мүлде болмаған деуге болады. Алаңының 70 пайызына шөп шықпай қалған. Ал бұл ешқандай да талапқа сәйкес келмейді. Арнайы комиссия бұл алаңда ҚКФЛ ресми ойындарын өткізуге үзілді-кесілді тыйым салған.

Бүгін «Оқжетпес» клубы стадионда жасыл желегін ауыстыру жұмыстары басталғандығын жариялады. Жарамсыз болып қалған көгалды қырып тастап, оның орнына жасанды желек төсейтін болыпты. Негізі, бұл стадионның табиғи алаңы 2009 жылы Еуропа лигасы ойындарын өткізу үшін төселген болатын.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыСтадионКәсіпқой футбол лигасыЕуропа лигасы"Оқжетпес"жасанды желекЖасыл алаңKazakhstan Premier LeagueOkzhetpes KokshetauКөгал

Вернуться назад