ФИФА рейтингісі – Үйде отырып, тағы да жоғары көтерілдік

Футбол
ФИФА рейтингісі – Үйде отырып, тағы да жоғары көтерілдік
Бүгін ФИФА ұлттық құрамалар арасындағы маусым айының рейтингісін жаңғыртты. Қазақстан құрамасы 100-орында көтерілді.

Мамыр айында да Қазақстан ұлттық құрамасы ешбір ойын өткізген жоқ. Әйтсе де, төрт саты жоғары өрлеп, 100-орынға жайғасты. Дәл қазір 331 ұпаймен 100-орынды Никарагуа және Үндістан құрамаларымен бөлісіп тұр. Мамыр айында да бірде-бір ойын өткізбей, бір саты жоғары көтерілген болатынбыз....

Жалпы, ешбір ойын өткізбей, үйде отырып жоғары өрлеу, жыл басынан бері байқалып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы қаңтарда 98-ші, ақпанда 96-шы, ал наурызда 94-ші орынға орналасты. Бірақ наурызда екі ресми кездесу өткізіп, сәуірде 11 саты төмен құлдырады.

Соңғы екі айда үйде отырып, 105-орыннан бес саты жоғары көтерілді. Маусымда Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Дания футболшыларымен кездеседі. Қалай болар екен? Жеңсе, жоғары көтеріле береді. Ал жеңілсе, әрине, тағы да төмен құлдырайды...

FIFA рейтингісі. Алғашқы ондық

1 (1). Бразилия – 1715 ұпай
2 (2). Аргентина – 1626
3 (3). Германия – 1511
4 (4). Чили – 1422
5 (5). Колумбия – 1366
6 (6). Франция – 1332
7 (7). Бельгия – 1292
8 (8). Португалия – 1267
9 (9). Швейцария – 1263
10 (10). Испания – 1198

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

10 (11). Польша – 1198
46 (47). Румыния – 686
51 (51). Дания – 660
52 (62). Црна Гора – 647
68 (67). Армения – 527
100 (104). Қазақстан – 331

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

37 (37). Украина – 737
62 (60). Өзбекстан – 582
63 (61). Ресей – 561
76 (87). Әзірбайжан – 439
83 (78). Беларусь – 419
98 (100). Эстония – 337

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Әлем чемпионатыҚазақстан ұлттық құрамасыФИФА рейтингісіKazakhstan national football teamFIFA World Cup QualificationFIFA Ranking

Вернуться назад