“Қайрат” “Таразды” тізе бүктірді

Футбол
“Қайрат” “Таразды” тізе бүктірді
«Қайрат» – «Тараз» – 4:0. Фото: fckairat.com
ХІІІ турда кездейсоқ нәтижелер тіркелген жоқ. «Қайрат» өз алаңында «Таразды» қабылдап, басымдық танытты.

«Тараз» бірінші таймда «Қайраттың» алғашқы қарқынына төтеп берді. Алаң иелерінің құйындай орап соққан шабуылдарын тойтарып, өздері де қарсы шабуыл ұйымдастыруға тырысып бақты. Алғы шепте Еркебұлан Сейідахмет ерекше көзге түсті. Бірнеше рет әріптестеріне пас шығарып беріп, ойлы да сайлы ойын өрнегін көрсетті.

Екінші таймда Алматы клубы шабуылшыларының санын арттырды. Алаңға Бауыржан Тұрысбаекті шығарды. «Қайраттың» жойқын шабуылына 55 минут төтеп берген «Тараз» ойынның екінші жартысында жиі қателесіп, қақпасынан доп қармаумен болды...

«Тараз» футболшылары «Қайраттың» ұстараның жүзіндей лыпылдаған қас шеберлерінің қарқыны мен жылдамдығына ілесе алмай, екінші таймда білгендерінен жаңылды. Үш минуттың ішінде соғылған екі гол ұнжырғаларын түсіріп жібергендей.

«Қайрат» болса, бұл жолы үш ұпайға аса қиналмай қол жеткізіп, «Астана» мен «Ордабасының» ізіне түсіп келеді. Бірақ бұл турда бәсекелестерінің бәрі де жеңіске жетіп, «Қайрат» үшінші орында қалды. Тіпті өкшесін басқан «Тобыл» да тізгінін тартар емес...     

«Қайрат» – «Тараз» – 4:0 (0:0)

Голдар: Тұрысбек, 55 (1:0). Гоу, 58 (2:0). Исаэль, 80 (3:0). Исламхан, 87-пенальтиден (4:0).

Ескерту: Әмірханов, 55.

«Қайрат»: Плотников, Вороговский, Ахметов, Элек, Сүйімбаев, Қуат, Бакаев (Тұрысбек, 46), Жуков (Исламхан, 83), Аршавин (Иличевич, 68), Исаэль, Гоу.

Қосалқы құрам: Грубов, Покатилов, Балтабаев, Қуантаев, Анене, Маркович.

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов (к), Молтусинов, Шипицин, Миюшкович, Эргашев, Диара, Зайнутдинов (Байжанов, 73), Таубай, Морис (Қожамберді, 67), Сейідахмет (Мухаметшин, 46).

Қосалқы құрам: Сатубалдин, Қарпық, Нұралы, Шадманов, Фещук.

Төрешілер: Кәрлібаев (Орал), Ходин (Атырау), Жақсылық (Қызылорда)

20 мамыр, Алматы, «Орталық» стадион. 8000 көрермен.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат""Тараз" ФКЕркебұлан СейідахметБауыржан ТұрысбекKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyFC Taraz

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку