“Шахтер” шабуылшысын әспеттеді

Футбол
“Шахтер” шабуылшысын әспеттеді
"Шахтер" шабуылшысын шығарып салды. Фото: shahter.kz
Қарағандының «Шахтері» тек өздерінің намысын қорғаған Андрей Финонченконы әспеттеп, үлкен футболдан шығарып салды.

Біз кеншілер клубының Андрей Финонченконы ел чемпионатының ХІІ турындағы «Ақжайық» клубымен өткен матчтың алдында құрметпен шығарып салғандығын жазғанбыз. Бұл өзгелер өнеге тұтарлықтай шара болды. «Шахтер» 16 жыл өзінің намысын қорғаған шабуылшыңа үлкен сый-құрмет көрсетті.

14 мамыр күні 14-нөмірлі шабуылшысын шығарып салып, оның ата-анасы мен отбасына да құрмет көрсетті. Әкесінің иығына шапан жауып, анасына қамзол кигізді. Үрілген шарлардан жасалған 14 санын аспанға ұшырды. Қазақстан ұлттық құрамасының және «Шахтер» клубының 14-нөмірлі жейделері табысталды.

Бұл шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов, Қарағанды облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Наталья Сухорукова, «Шахтер» клубының Атқарушы директоры Асқар Әбілдаев қатысып, сөз сөйледі.

Андрей Финонченко өз командасын алаңға бастап шығып, допты ойынға қосты, жасыл алаңнан кетті. Енді ол бапкерлік қызметпен айналысады. Сүйікті клубы сенімді шабуылшысына осындай сый-құрмет көрсетті. Қысқа ған болса да, мән-мағынасы терең болды...








Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Андрей ФинонченкоҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан футбол федерациясы"Шахтер" ФКҚазақстан ұлттық құрамасыСейілдә БайшақовKazakhstan Premier LeagueShakhter KaragandyAndrey Finonchenko

Вернуться назад