Қазақстан кубогы – “Шахтер” мен “Ордабасы” түзде жеңіске жетті

Футбол
Қазақстан кубогы – “Шахтер” мен “Ордабасы” түзде жеңіске жетті
«Оқжетпес» – «Шахтер» – 1:2. Фото: okzhetpes.kz
Бүгін Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтіп, «Шахтер» мен «Ордабасы» түзде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

«Шахтер» «Оқжетпесті» сегіз күнде екінші рет ұтты

2 мамыр күні Көкше клубы кеншілерді «Астана-Арена» стадионында қабылдап, 0:2 есебімен ұтылып қалған. Бұл Х тур аясындағы матч болатын. Бүгін қос команда қайтадан дәл осы алаңда кездесті. «Оқжетпес» есе қайтара алмады. Тағы да «Шахтер» жеңіске жетті.

«Шахтер» бір сағаттан астам уақыт басымдық танытты. Бірақ екі гол соғып алды да, тізгін тартты. Ал бірінші таймда, әсіресе ойынның екінші жартысының басында сылбыр қимылдаған «Оқжетпес» ойыншылар матч соңында жылдамдықтарын үдетті. Бірақ есепті қысқратқаннан әріге шамалары жетпеді.

«Оқжетпес» – «Шахтер» – 1:2 (0:0)

Голдар: Кадио, 51 (0:1). Станоевич, 54 (0:2). Шафф, 74 (1:2).

Ескертулер: Чертов, 47. Козлов, 90+4 – Хайруллин, 68. Айегбуси, 90+5.

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Куксин, Чертов, Марочкин, Юрин, Хорват, Политыло, Федин, Досмағамбетов (Козлов 46), Шафф, Струков (Нганбе, 62).

Қосалқы құрам: Голубничий, Недашковский, Аяғанов, Дайыров, Нұрғалиев, Шайыхов, Әбілғазы

«Шахтер»: Багинский, Әлімбаев, Василевич (к), Айегбуси, Хайруллин (Мангуткин, 78), Сзоке (Стоянович, 30), Кадио, Зошак, Станоевич, Шахметов, Тәттібаев (Тәжімбетов, 65).

Қосалқы құрам: Шацкий, Аллегриа, Өміртаев, Васильев, Габышев, Пикалкин

Төрешілер: Алиев, Васютин, Шабанов (бәрі де – Алматы)

10 мамыр. Астана. «Астана Арена» стадионы. 700 көрермен 


«Ордабасы» Талдықорғанда «Жетісуды» жеңді  

Оңтүстік Қазақстан клубы бұл ойында қосалқы құрамда отырған кейбір ойыншыларына мүмкіндік берген. Бірақ олар бас бапкерінің ашуын келтіріп, сенімді ақтай алмады. «Ордабасы» командасының қақпашысы болмағанда, алаң иелері бірінші таймда гол соғып та кетер ме еді. Бекбаев бірнеше қауіпті соққыны тойтарды...

Қазақстан кубогының бірінші сатысында «Астананы» жолынан тайдырған«Жетісу» бүгін екінші рет ерлік жасай алмады. Деңгейлері төмен екені байқалып та тұрды. Әрі гол соғудың сәті де түспеді, бақтары да жанбады. «Ордабасы» екінші таймдағы қарбалас сәтте гол соғып кетті...    

«Жетісу» – «Ордабасы» – 0:1 (0:0)

Гол: Бейсенов, 64.

Ескертулер: Сағындықов, 69 – Жұмаханов, 59.

«Жетісу»: Шабанов, Әділханов (Хромцов, 73), Балтабеков (Касьянов, 67), Данилюк, Сағындықов (к), Керімжанов, Ибраев, Левин, Вяткин (Әділ, 78), Бургию, Шакин.

Қосалқы құрам: Рушинас, Орынбасар, Таңжарықов, Покатилов, Сердюков, Харабара

«Ордабасы»: Бекбаев, Бейсенов, Абдулин, Фонтанелло, Смақов (к), Ковальчук, Әшірбеков (Адырбеков, 76), Жұмаханов, Гогуа (Марцваладзе, 42), Тұңғышбаев, Бөлешев (Қожабаев, 65),

Қосалқы құрам: Бойченко, Гейнрих, Ирисметов, Жақсыбаев, Мұхтаров, Ерланов

Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Калачев (Атырау), Жақсылық (Қызылорда)

10 мамыр. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 1 500 көрермен 

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Ширек финалЖартылай финал"Шахтер" ФК"Жетісу""Оқжетпес"Қазақстан кубогы"Ордабасы" ФКKazakhstan Cup

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку