Бірінші айналымның қысқаша қорытындысы

Футбол
Бірінші айналымның қысқаша қорытындысы
Бірінші айналымда "Астана" мен "Қайрат" тең түсті. Фото: fca.kz
Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында бірінші айналым аяқталып, барлығы 65 матч өтті.

Биылғы ел чемпионатының бірінші айналымында ойындар күнтізбесіндегі барлық ойындар өткен жоқ. Көктемде кейбір клубтарымыздың стадиондары дайын болмай, үш ойын кейінге шегерілді. Атап айтқанда, кейінге шегерілген матчтар:

7-тур: «Ақтөбе» – «Атырау» (17 мамырда өтеді)

8-тур: «Ақтөбе» – Шахтер» (28 маусымда)

8-тур: «Атырау» – «Оқжетпес» (26 шілдеде)

Есесіне, екінші айналымдағы екі ойын өтті. Биыл Еуропа лигасында додаға түсетін клубтарымыз ХVІІІ турдағы ойындарын ертерек, нақтырақ айтқанда, 4 сәуір күні өткізді. Олар: «Қайрат» – «Ертіс» – 1:0 және «Тобыл» –  «Ордабасы» – 1:0.

Сөйтіп, бірінші айналымда ойындар күнтізбесіндегідей 66 емес, 65 матч өтті. Әрі премьер-лигадағы 12 команданың өткізген ойындарының саны бірдей емес. Мысалы, төрт клуб күнтізбеге сай – 11, төрт команда – 12, екі клуб – 10, екі команда – 9 ойыннан.

Екінші айналымдағы ойындар 14 мамырдан 30 шілдеге дейін өтеді. Жоғарыда көрсеткеніміздей, әрі бірінші айналымнан кейінге шегерілген үш ойын өткізіледі. Ал екі ойыны ертерек өткізілген. Сонда ел чемпионатының екінші бөлігінде 66 емес, 67 матч өтуі керек.

  • Бірінші айналымда 65 ойын өтіп, осы матчтарда 155 гол соғылды;
  • Ең көп гол соққан командалар – «Қайрат» (23 доп – 12 ойында), «Астана» (22 доп – 11 ойында);
  • Ең аз гол соқан команда – «Тараз» (7 доп);
  • Өз қақпасына ең аз гол жіберген команда – «Тобыл» (7 доп – 12 ойында);
  • Өз қақпасына ең көп гол жіберген команда – «Шахтер» (17 доп – 10 ойында), «Тараз» және «Ақжайық» (17 доптан – 11 ойында);
  • Доп айырмасы үздік команда – «Астана» («+14», 22-8);
  • Доп айырмасы төмен команда – «Тараз» («–10, 7-17);
  • Жеңілісі ең аз командалар – «Астана» және «Қайрат» (1 жеңіліс);
  • Жеңілісі ең көп командалар – «Шахтер» және «Тараз» (6 жеңіліс);
  • Жеңісі көп командалар – «Астана» және «Ордабасы» (7 жеңіс);
  • Жеңісі аз командалар – «Ақтөбе», «Шахтер», «Тараз» (1 жеңіс);
  • Тең ойыны көп команда – «Қайрат» (7 тең ойын);
  • Алаңға ең аз ойыншы шығарған команда – «Астана» (17 футболшы);
  • Алаңға ең көп ойыншы шығарған командалар – «Ордабасы», «Қайрат», «Атырау», «Шахтер», «Ақжайық» (23 футболшыдан).


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат""Шахтер" ФК"Оқжетпес""Тобыл""Ақтөбе""Ертіс""Ақжайық""Қайсар""Астана" ФК"Атырау" ФК"Ордабасы" ФК"Тараз" ФКKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyБірінші айналым

Вернуться назад