“Астана” түзде “Тобылмен” тең түсті

Футбол
“Астана” түзде “Тобылмен” тең түсті
«Тобыл» – «Астана» – 1:1. Фото: fctobol.kz
Бірінші айналымның соңғы турында ел чемпионы «Астана» Қостанайдың «Тобылымен» тең түсті. Есеп – 1:1.

Бір қызығы, «Тобыл» сапында «Астананың» бірнеше ойыншысы ойнайды. Олардың көбісі – жалға берілгендер. Бүгін сол ойыншылардың бірнешеуі алаңға шықты – Щеткин, Малый, Тағыберген. Кезінде Дмитриенко да ел чемпионы сапында ойнаған...

Міне, осы футболшылардың өз клубтарына дәлелдегілері келетіндері көп, әрине. Әрі құрамы тәжірибелі ойыншылармен жасақталса да, қостанайлықтар үздік үштікке іліге алмай жүр. Бұл да клуб басшыларына ұнамап жүрген жоқ. Сондықтан «Тобыл» тайталасып бақты.

«Астана» әдеттегідей, әлі уақыт бар дегендей, жайбарақат жүрді. Бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Сөйтіп жүргенде, алаң иелері есеп ашып, астаналықтарды сан соқтырып кетті. Жасұлан Молдақараев тамаша пас беріп, Алексей Щеткин қақпашымен бетпе-бет шығып, есеп ашты.

Міне, осы голдан кейін ғана, «Астана» қамшыны басты. Тайлы-таяғымен шабуылдап, алға қарай лап қойды. Көп ұзамай, таразы басын теңестірді де. Сол қанаттағы қорғаушы допты қақпашысына бермек болып, қателесті... Оның ақырын тебе салған добын Кабананга “іліп” әкетіп, қақпашыны алдап өтті де, есепті теңестірді.

Уақыт әлі де бар еді. Бірақ «Астана» қанша шабуылдаса да, жеңісті жұлып ала алмады. Тың ойыншыларын шығарып, тактикасын да өзгертіп көрді. Бірақ «Тобылдың» ойыншылары табан тіресе тайталасып, дес бермеді. Сөйтіп, чемпион екінші рет қатарынан тең түстіп, тағы да екі ұпай жоғалттты.

«Тобыл» – «Астана» – 1:1 (0:0)

Голдар: Щеткин, 71 (1:0). Кабананга, 75 (1:1).

Ескерту: Ллуллаку 63

«Тобыл»: Непогодов, Жақыпов, Кассай (Дмитренко, 32), Малый, Сартаков, Жулпа (Тағыберген, 77), Мухутдинов (к) (Жаңғылышбай, 90+2), Жарынбетов, Джалилов, Молдақараев, Щеткин.

Қосалқы құрам: Павлов, Шубаев, Эльмурзаев

«Астана»: Мокин, Логвиненко (Шомко 82), Аничич, Постников, Шитов, Граховац, Маевский, Мұжықов (к), Ллуллаку (Твумаси, 79), Муртазаев (Жалмұқан, 79), Кабананга.

Қосалқы құрам: Эрич, Бейсебеков

Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Бельский (Тараз), Орынбаев (Шымкент)

06 мамыр. Затобол қонысы. «Затоболец» стадионы. 2 000 көрермен


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: кабанангаFC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Тобыл""Астана" ФКЩеткинТағыбергенМалыйKazakhstan Premier LeagueTobol KostanayJunior Kabananga

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку