ФИФА рейтингісі – Бірде-бір ойын өткізбей тағы жоғары өрледік

Футбол
ФИФА рейтингісі – Бірде-бір ойын өткізбей тағы жоғары өрледік
Қазақстан құрамасы – 104-орында. Фото: kff.kz
Бүгін ФИФА ұлттық құрамалар арасындағы мамыр айының рейтингісін жаңғыртты. Қазақстан құрамасы – 104-орында.

Сәуір айында Қазақстан ұлттық құрамасы ешқандай ойын өткізген жоқ. Әйтсе де, бір саты жоғарылап, 104-орынға орналасты. Мысалы, наурызда екі ресми матч өткізіп, 11 саты төмен құлдырап, 105-орынға табан тіреген болатын.

Биылғы жылдың басында да бірде-бір ойын өткізбесе де, ай сайын екі сатыдан жоғары «адымдап» отырған. Мәселен, қаңтарда 98-ші, ақпанда 96-шы, ал наурызда 94-ші орынға орналасқан...

FIFA рейтингі. Алғашқы ондық:

1 (1). Бразилия – 1672 ұпай
2 (2). Аргентина – 1603
3 (3). Германия – 1464
4 (4). Чили – 1411
5 (5). Колумбия – 1348
6 (6). Франция – 1294
7 (7). Бельгия – 1281
8 (8). Португалия – 1259
9 (9). Швейцария – 1212
10 (10). Испания – 1204

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

11 (11). Польша – 1183
47 (47). Румыния – 676
51 (51). Дания – 657
62 (62). Црна Гора – 560
67 (67). Армения – 527
104 (105). Қазақстан – 325

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

37 (37). Украина – 761
60 (60). Өзбекстан – 586
61 (61). Ресей – 561
78 (78). Беларусь – 428
87 (87). Әзірбайжан – 386
100 (101). Эстония – 331
100 (101). Литва – 331


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: FIFAҚазақстан ұлттық құрамасыФИФА рейтингісіKazakhstan national football teamRanking

Вернуться назад