“Қайрат” 80-минуттан кейін қалжаурайды...

Футбол
“Қайрат” 80-минуттан кейін қалжаурайды...
"Қайрат" Астанада да матч соңында гол жіберіп алды... Фото: fca.kz
Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында ойнайтын Алматының «Қайраты» екінші таймда голды көп жіберіп алып жүр...

«Қайрат» қазір 11 ойыннан 19 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Тең түсуден – өзгелерден оқ бойы озық. Осы 11 матчтың жетеуінде “итжығыс” түсіп, ұпай бөлісті. Яғни жеті рет екі ұпайдан қағылды. Енді өздеріңіз есептей беріңіздер: 7 х 2 = 14 ұпай.

Иә, құрамы өңшең ығай мен сығайлардан жасақталған «Қайрат» 14 ұпай жоғалтты. Рас, әлі бірде бір рет ұтылған жоқ. Бірақ жеті рет тең түскенше, үш рет ұтылғаны артық еді. Онда 9 ұпай ғана жоғалтып, қазір 24 ұпаймен бірінші орында тұрар еді...

Бірақ бұл – футбол! Футбол осысымен қызық. Мүлде жеңілмеген команда жеті мәрте тең түсіп, тек үшінші орында тұр. Бір көңіл аударарлығы, «Қайрат» төрт ойында жеңісті соңғы минуттарда уысынан шығарып алды...

Жалпы, Алматы клубы 11 ойында өз қақпасына 12 гол жіберіп алған. Тым көп, әрине. Орта есеппен әр ойында – 1,09 доптан. Ал осы голдарының жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда, жетеуі екінші таймда соғылған...

Ол, ол ма?! «Қайрат» осы 12 голдың тең жартысын 80-минуттан кейін жіберіп алып отыр. Иә, алты гол матчтың соңғы 10 минутында соғылып, алматылықтар сеңдей соғысты. Жоғарыда жазғанымыздай, төртеуінде жеңістен соңғы минуттарда айырылып қалды...

«Қайраттың» қақпасына соғылған голдар:


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"Гол"Астана" ФКЕкінші таймFootball Federation of Kazakhstan

Вернуться назад