“Шахтер” “Тобылды” тізерлетіп, “Ақтөбе” “Ақжайықты” әзер жеңді

Футбол
“Шахтер” “Тобылды” тізерлетіп, “Ақтөбе” “Ақжайықты” әзер жеңді
«Тобыл» – «Шахтер» – 1:2. Фото: fctobol.kz
Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы бір ойын екі сағатқа созылса да, жеңімпаз анықталмай, пенальтиге жүгінуге тура келді.

«Тобыл» – «Шахтер» – 1:2 (0:2)

«Шахтер» түзде «Тобылды» тобықтан қақты. Облыс әкімі сілкілеп алған команда Қостанайда көсіле шауып, биылғы маусымдағы алғашқы ресми жеңісіне қол жеткізді. Ел кубогы додасында демесек, жеңістің аты – жеңіс. Кім біледі, бәлкім, жол ашар жеңіс болар...

Негізі, «Шахтердің» таланты жастары жетерлік. Бас бапкері бұған дейін оларды “көзіне ілмей”, шет елдік легионерлеріне иек артып жүрді. Облыс әкімінен «таяқ жеген» соң, жастарына сенім артыпты. Ал жергілікті таланттары жерге қаратқан жоқ.

Голдар: Сзоке, 14 (0:1). Тәттібаев, 39 (0:2). Жаңғылышбай, 85 (1:2)

Ескертулер: Кассай, 37 – Скорых, 83.

«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Кассай, Малый, Мирошниченко (Жақыпов 46), Мухутдинов, Жулпа, Шимкович (к), Молдақараев (Джалилов, 46), Деспотович, Щеткин (Жаңғылышбай, 31).

Қосалқы құрам: Павлов, Главина, Шубаев, Дмитренко.

«Шахтер»: Багинский, Әлімбаев (Хайруллин, 60), Кадио, Скорых (к), Мангуткин, Сзоке, Станоевич, Зошак, Шахметов (Орал, 86), Васильев, Тәттібаев (Өміртаев, 67).

Қосалқы құрам: Ткачук, Айегбуси, Тәжімбетов, Күлбеков.

Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Жақсылық (Қызылорда), Полуэктов (Тараз)

19 сәуір. Затобол қонысы. «Затоболец» стадионы. 2 000 көрермен


«Ақжайық» – «Ақтөбе» – 0:0 (қосымша уақыт – 0:0, пенальти – 4:5)

«Ақжайық» пен «Ақтөбе» екі сағат арпалысып, бірін-бірі ала алмады. Тіпті бір-бірінің қақпасына гол да соға алмады. Содан ширек финалға қайсысының шығатынын пенальти арқылы анықтауға тура келді.

Пенальти тебуде қонақтардың бақтары жанды. Жалпы, биыл ел кубогының финалы Ақтөбеде өтеді. Осыған орай, ақтөбеліктер финалға шығуды көксейді. Бірақ алғашқы електен өту оңай болған жоқ...

Ескертулер: Чулагов, 9. Рубио, 17. Антипов, 35. Омаров, 37 – Торрес, 19. Розыбакиев, 112.

«Ақжайық»: Котляр, Чулагов (Шмидт, 80), Шабаев, Омаров (к), Зулфикаров, Тапалов, Макаев (Валиуллин, 62), Антипов, Сапарбекұлы (Аренас Дельгадо, 53), Рубио, Перцух.

Қосалқы құрам: Удалов, Ортиз, Николич, Жарылғасов, Заречный, Болатов.

«Ақтөбе»: Отарбаев (к), Аслан, Воловик, Дәуітов (Кәкімов, 16), Диас Морейра, Барбоса, Торрес, Соуза Альмейда (Тотай 57), Ермаченко (Розыбакиев, 98), Байтана, Зенькович.

Қосалқы құрам: Сидельников, Гуйе, Айтбаев, Қайыров.

Төрешілер: Ысқақов, Әубәкіров (екеуі де – Астана), Филоненко (Тараз)

19 сәуір. Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 300 көрермен

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: "Шахтер" ФКПенальтиОблыс әкімі"Тобыл""Ақтөбе""Ақжайық"Қазақстан кубогы1/8 финалы

Вернуться назад