“Астана” “Жетісудан” ұтылды – Ел чемпионы Қазақстан кубогынан тыс қалды

Футбол
“Астана” “Жетісудан” ұтылды – Ел чемпионы Қазақстан кубогынан тыс қалды
«Жетісу» – «Астана» – 2:1. Фото: fca.kz
Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Астана» «Жетісудан» ұтылып қалып, «Ордабасы» «Қызылжарды» пенальтидің арқасында ұтты.

«Жетісу» – «Астана» – 2:1 (0:1)

«Астана» Талдықорғанда тауы шығылып, «Жетісудан» ұтылып қалды. Ойын басталған бетте есеп ашып, алға шыққан. Одан кейін де гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болды. Тіпті Луллаку, Твумаси сынды тәжірибелі легионерлері оңтайлы сәттерде есепті еселей алмай, жаза басты.

Ал екінші таймда «Жетісу» екі гол соғып, ел чемпионын тақырға отырғызып кетті. Матч соңында «Астана» тайлы-таяғымен алға қарай лап қойғанымен, есепті теңестіре де алмады. Ширек финалға Талдықорған клубы шықты.

Рас, «Астана» алаңға жартылай қосалқы құрамын шығарды. Әйтсе де, ел кубогы додасынан шығып қалғаны қызық болды. Шынымен де, былтырғыдай үш додада (ел чемпионаты және кубогы, Еурокубок додасы) бақ сынау қиын болады деп, тізгіндерін тартты ма... дөп басып айту қиын.

Кім біледі, бәлкім, көп кұш жұмсамай, «Жетісуды» жартылай қосалқы құраммен-ақ “ұрып” аламыз деп ойлап, жаза басқан да болар. Бірақ бас бапкері ел кубогы додасынан тыс қалғандарына титтей де қынжылмайтындығын білдірді...

Голдар: Бейсебеков, 5 (0:1). Хромцов, 75 (1:1). Шакин, 86 (2:1).

Ескертулер: Ибраев 43, Шабанов 90+2

«Жетісу»: Шабанов, Бургию, Касьянов, Балтабеков (Хромцов, 62), Сағындықов (к), Керімжанов, Ибраев, Левин, Данилюк, Сердюков (Нұрмұғамет, 70), Шакин (Әділханов, 90+1).

Қосалқы құрам: Рушинас, Доскалиев, Танжариков, Покатилов, Вяткин, Әділ

«Астана»: Эрич (к), Шитов, Логвиненко, Постников, Бейсебеков, Наджарян, Жүнісов (Сағынаев, 86), Твумаси, Ллуллаку, Жақыпбаев (Жалмұқан, 66), Муртазаев.

Қосалқы құрам: Мокин, Аничич, Маевский, Граховац, Прокопенко, Шомко, Мұжықов.

Төрешілер: Быстров (Қарағанды), Журавлев, Белоградов (екеуі де – Павлодар)

19 сәуір. Талдықорған. «Жетісу» стадионы (қосалқы алаң). 1 500 көрермен


"Қызыл-Жар" – "Ордабасы" – 0:1 (0:0)

«Ордабасы» Петропавлда «Қызыл-Жар» клубын ұтты. Жалғыз гол екінші таймда пенальтиден соғылды. Жалғыз голды Григорий Лория басқаратын клубтың қақпасына Гогита Гогуа соқты.

«Ордабасы» клубының бас бапкеріне көмекші болып жүрген Ұлықбек Асанбаев «биылғы мақсат – ел кубогын жеңіп алу» депті. Шымкент клубы шынымен де кубокты жеңіп алуға ниеттенсе, қарқындарын үдету керек сияқты...

Гол: Гогуа, 59-пенальтиден.

Ескертулер: Айтов, 44 – Гогуа, 22. Жұмаханов, 90. Әшірбеков, 90+3.

«Қызыл-Жар»: Багаутдинов, Соколенко (Кисметов, 85), Кулибали, Ступич (Әубәкіров, 75), Айтов, Алиев (к), Гунченко, Жанұзақов, Седельников, Павинич (Дубков, 41), Сұлтанов.

Қосалқы құрам: Закиров, Серғалиев, Хайыров, Ілиясов, Шевченко, Аймұрзаев.

«Ордабасы»: Нұрмұхаметов, Бейсенов, Рендулич, Абдулин, Қожабаев, Смақов (к), Жұмаханов, Адырбеков (Әшірбеков, 81), Гогуа (Гейнрих, 70), Бөлешев (Тұңғышбаев, 57), Марцваладзе.

Қосалқы құрам: Бойченко, Бочаров, Нөсербаев, Жақсыбаев, Нұрғалиев, Ерланов.

Төрешілер: Сариев (Орал), Павлов (Алматы), Дерцапф (Орал)

19 сәуір. Петропавл. «Қарасай» стадионы. 8 000 көрермен


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Еурокубок"Жетісу""Қызыл-Жар"Қазақстан кубогы"Астана" ФК"Ордабасы" ФК1/8 финалыЕл чемпионы

Вернуться назад