Еуропа чемпионатының финалына шыққан сегіз құрама белгілі

Футбол
Еуропа чемпионатының финалына шыққан сегіз құрама белгілі
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына барады. Фото: kff.kz
Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалында бақ сынайтын 12 құраманың сегізі анықталды.

2018 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі «F» тобының командалары Алматыда додаға түскенде, Батыстың алты қаласында басқа топтағы құрамалар бақ сынады. Бәрінде де іріктеу ойындары аяқталып, жеңімпаздары анықталды:

«A» тобы

Италия – 7 ұпай

Грузия – 3

Беларусь – 2

Нидерланды – 2

«B» тобы

Әзірбайжан – 9

Венгрия – 4

Босния және Герцеговина – 2

Албания – 1

«C» тобы

Украина – 9

Хорватия – 6

Бельгия – 3

Црна Гора – 0

«D» тобы

Португалия – 9

Румыния – 4

Финляндия – 4 (доп айырмасы: «– 3»)

Латвия – 0

«E» тобы

Испания – 7

Сербия – 6

Польша – 4 («– 2»)

Молдова – 0

«F» тобы

Қазақстан – 9

Чехия – 6

Македония – 3

Дания – 0

«G» тобы

Ресей – 9

Франция – 6

Словакия – 3

Түркия – 0

Сөйтіп, Италия, Әзірбайжан, Украина, Португалия, Испания, Қазақстан және Ресей құрамалары 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалында тікелей шықты. Бұларға келесі жылғы құрлық чемпионатының қожайындары Словения құрамасын қосамыз. Олар финалға автоматты түрде шыққан.

Сонда, 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалында додаға түсетін 12 құраманың сегізі белгілі. Қалған төртеуі қосымша жолдамалар сарапқа салынатын матчтардан соң белгілі болады.

Қалған төрт жолдамаға сегіз құрама таласады. Олар – жоғарыдағы жеті топта екінші орынға ие болғандар. Атап айтқанда: Грузия, Венгрия, Хорватия, Румыния, Сербия, Чехия және Франция.

Ал сегізінші құрама – осы жеті топтағы үшінші орын алған командалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші ең жоғарысы. Бұл ретте төрт ұпаймен және «–2» доп айырмасымен «E» тобындағы Польша құрамасы үздік шықты.

Осы сегіз құрама арасында 6 шілде күні жеребе тартылады. Командалар төрт жұпқа жіктеліп, қыркүйек айында үйде және түзде жүйесімен екі ойыннан өткізеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша басым түскендері жоғарыдағы сегіз құрмаға қосылып, Словенияда өтетін Еуропа чемпионатында құрлық біріншілігі додасын қыздырады.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: футзалҚазақстан құрамасыЕуропа чемпионатыИталияИспанияРесейӘзірбайжанУкраинаПортугалияСловения-2018Еуро-2018

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку