Наурыз айының үздігі – Мақсат Байжанов пен Стойчо Младенов

Футбол
Наурыз айының үздігі – Мақсат Байжанов пен Стойчо Младенов
Ай сайынғы үздіктерге табысталатын жүлде – қазақ тілінде! Фото: pflk.kz
Бәрекелді! Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы арнайы жүлде тағайындап, ай сайын үздік бапкер мен ойыншыны анықтап отыратын болыпты.

Дұрыс-ақ! Тек ұзағынан болсын дейміз. Екі-үш айдан кейін ұмытылып қалмай... Әр айдың үздігін анықтау үшін премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіледі екен. Олар әрбір айда үздік болған жаттықтырушы мен үш футболшыны атап, дауыс беретін көрінеді.  

Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы мұнымен шектелмей, Бірінші және Екінші лигалардағы әр айдың үздіктерін анықтап отыруды қолға алмақшы. Аталған лигаларда да ай сайын үздік жаттықтырушы мен ойыншыны анықтау бас бапкерлер арасында сауалнама жүргізіледі екен.

Енді Қазақстан премьер-лигасындағы наурыз айының үздіктеріне тоқталайық. ҚР Кәсіпқой футбол лигасының бас бапкерлер арасында жүргізген сауалнамасының қорытындысы төмендегідей:

Наурыз айының үздік үш ойыншысы:

1. Мақсат Байжанов («Қайсар») – 13 ұпай
2. Таңат Нөсербаев («Ордабасы») – 11
3. Алексей Щеткин («Тобыл») – 6

Наурыз айының ең үздік жаттықтырушысы:

Стойчо Младенов («Қайсар») – 9 ұпай

Осы екі номинацияда үздік шыққан жеңімпаздарға естелік жүлделер 16 сәуір күні өтетін «Қайсар» мен «Ертіс» арасындағы матчта табыс етілетін көрінеді.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Стойчо МладеновАлексей ЩёткинҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыТаңат НөсербаевМақсат БайжановҮздік бапкерТур үздіктеріҮздік ойыншыАй үздіктері

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку