Қазақстан-U17 құрамасы бозбалалар арасындағы клубтық турнирде көштен қалды

Футбол
Қазақстан-U17 құрамасы бозбалалар арасындағы клубтық турнирде көштен қалды
«Вииторул-U17» (Констанца) – Қазақстан-U17 құрамасы – 1:0. Фото: fc-sheriff.com
Молдованың Тирасполь қаласында “Sheriff cup-2016” халықаралық турнирі тәмамдалып, Қазақстан-U17 құрамасы жасөспірімдер арасындағы клубтық додада соңғы орынға табан тіреді.

«Шериф кубогы-2016» халықаралық турниріне тек 17 жасқа дейінгі футболшылар қатысады. Бес мемлекет өз клубтарының ізбасарларын жіберсе, біздің ел ғана 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын “үкілеп” қосты.

Атап айтқанда, Қазақстан-U17 құрамасы «Динамо-U17» (Киев, Украина). «Динамо-U17» (Тбилиси, Грузия), «Зенит-U17» (Ресей), «Вииторул-U17» (Констанца, Румыния) және жергілікті «Шериф-U17» командаларымен додаға түсіп, соңғы орынға орналасты.

Әуелі, алты команда екі топқа тең бөлініп, бақ сынады. Қазақстан-U17 құрамасы бірінші «Зенит» клубының жеткіншектерімен 3:3 есебімен тең түсті. Одан кейін «Шериф» клубының жас талантарынан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Сөйтіп, өз тобында соңғы орынды қанағат тұтып, екінші топта екі рет ұтылған Румынияның «Вииторул-U17» командасымен 5-орынды сарапқа салды. Бұл ойын бүгін өтті. Есеп – 0:1. Александр Кузнецовтің шәкірттері жеңілістің кермек дәмін татты.

“Sheriff cup-2016” халықаралық турнирі. Финалдық ойындар.

Финал:

«Динамо-U17» (Киев) – «Шериф-U17» (Тирасполь) – 4:0

3-орын үшін:

«Динамо-U17» (Тбилиси) – «Зенит-U17» (Санкт-Петербург)3:0

5-орын үшін:

«Вииторул-U17» (Констанца) – Қазақстан-U17 құрамасы – 1:0


“Sheriff cup-2016” халықаралық турнирінің үздік ойыншылары:

Үздік қақпашы – Владислав Лихарев («Шериф-U17»)

Үздік қорғаушы – Бека Харшиладзе («Динамо-U17» Тбилиси)

Үздік жартылай қорғаушы – Евгений Исаенко («Динамо-U17» Киев)

Үздік шабуылшы – Георгий Цииташвили («Динамо-U17» Киев)

Жанкүйерлер көзайымы жүлдесі – Александр Осипов («Шериф-U17»)

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан құрамасыҚазақстан-U17"Динамо" КиевШериф кубогы"Динамо" Тбилиси"Зенит" Ресей"Вииторул" РумынияSheriff cup"Шериф" Молдова

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку