2016 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ресми қорытындысы

Футбол
2016 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ресми қорытындысы
"Астана" "Қайраттан" биылда биікке секірді... Фото: fca.kz
Кеше футболдан ХХV Қазақстан чемпионатының премьер-лигадағы додасы көмбесіне жетті. Жүлдегерлер де, өз орнын Бірінші лиганың жеңімпазына босататын команда да анықталды.

Негізі, биылғы маусым тұрмақ, ХХV Қазақстан чемпионаты әлі толық аяқталған жоқ. Ел біріншілігінің соңғы матчы алдағы сенбі күні, яғни 5 қарашада өтеді. Онда, яғни өтпелі матчта премьер-лигада 11-орынға табан тіреген «Тараз» командасы мен Бірінші лигада екінші орынға ие болған «Алтай» клубы кездеседі.

Осы ойында жеңіске жеткен команда келесі жылы премьер-лигада ойнайтын болады. Ал жеңілгені Бірінші лигада бақ сынайды. Егер ойын тең аяқталса, онда 15 минуттық екі экстра-тайм өткізіледі (2х15). Егерде мұнда да жеңімпаз анықталмаса, онда пенальти сериясына жүгінуге тура келеді.

Жалпы, биылғы маусымның тәмамдалуына өтпелі матчтан бөлек, тағы үш ойын бар. Олар – ел кубогы додасының шешуші ойындары. 5-6 қараша күні жартылай финалдағы қарымта матчтар өтсе («Атырау» – «Қайрат» және «Астана» – «Ертіс»), 19 қарашада финал болады.

Әйтсе де, біз премьер-лигадағы кейбір деректерге әлден тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Еліміздің ең үздік клубтары бақ сынаған жоғары тобымыздағы доп додасын әлі жан-жақты қорытындылайтын боламыз. Ал бүгін статистикалық деректерге атүсті тоқтала кетпекпіз.

Ресми қорытынды деректер:

2016 жылғы чемпион – «Астана»,

2016 жылғы күміс жүлдегер – «Қайрат»,

2016 жылғы қола жүлдегер – «Ертіс»,

Премьер-лигадан Бірінші лигаға түсіп қалған команда – «Жетісу»,

2017 жылғы премьер-лига жолдамасын жеңіп алған команда – «Қайсар»,

2017 жылғы премьер-лиганың екінші жолдамасын сарапқа салатындар – «Тараз» бен «Алтай».

Ең, ең, ең....

Ең көп ұпай жинаған команда – «Астана» (73),

Ең аз ұпай жинаған команда – «Жетісу» (31),

Ең көп жеңіске жеткен команда – «Астана» (23),

Ең аз жеңіске жеткен команда – «Жетісу» (8),

Ең аз жеңілген команда – «Астана», «Қайрат» (5),

Ең көп жеңілген команда – «Ақжайық» (19),

Ең көп тең түскен команда – «Ордабасы», «Ақтөбе», «Атырау» (9),

Ең аз тең түскен команда – «Ақжайық» (2),

Ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (75),

Ең аз гол соққан команда – «Шахтер» (25),

Ең аз гол жіберген команда – «Астана» (21),

Ең көп гол жіберген команда – «Жетісу» (53).



Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат""Шахтер" ФК"Жетісу""Оқжетпес""Тобыл""Ақтөбе""Ертіс""Ақжайық"Бірінші лига"Қайсар""Астана" ФК"Атырау" ФК"Ордабасы" ФК"Алтай" ФК"Тараз" ФК

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку