Қазақстан футзалшылары Таиланд төріндегі турнирде топ жарды

Футбол
Қазақстан футзалшылары Таиланд төріндегі турнирде топ жарды
Қазақстан құрамасы Таиландта топ жарды. Фото: afrk.kz
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландта өткен халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды. Ұпайлары аталмыш дода қожайындарымен бірдей болса да, доп айырмасы бойынша үздік шықты.

Бүгін Бангкокта жалауы желбіреген халықаралық турнирдің соңғы ойындары өтті. Қазақстан құрамасы Таиланд футзалшыларымен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті.

Бұл ойын өте тартысты өтті. Есепті Дуглас ашқан болатын. Өкінішке қарай, 11-минутта қақпашымыз Игита алаңнан қуылды. Ол алға шығып кетіп, біздің футзалшылар доптан айырылып қалғанда, артқа қайтып үлгермейтінін біліп, допты қақпаға теппек болған ойыншының аяғына атылды...

Төреші бірден қызыл қағазын суырып, алып Игитаны алаңнан қуды. Оның орнына Григорий Шамро шықты. Алайда Таиланд футзалшылары бір минутқа жетер-жетпес уақыттың ішінде еспті теңестірді.

Бұдан кейін Дуглас пен Павел Таку екі гол соғып, біздің құрама алға шықан болатын. Алайда үзіліске дейін турнир қожайындары есепті қысқартты. Ал екінші таймның соңында, ойынның аяқталуына екі секунд қалғанда тай футзалшылары есепті теңестірді.

Әрине, халықаралық турнирде жеңімпаз атанғанымыз жақсы-ақ. Бірақ екі бірдей футзалшымыз жарақат алып қалды. 11 мың көрерменнің көз алдында өткен шектен тыс шиеленісті өткен матчта команда капитаны Дінмұхамед Сүлейменов пен екінші қақпашымыз Григорий Шамро қатардан шығып қалып, жанкүйерлерді қобалжытты.   

Таиланд – Қазақстан – 3:3

Голдар: Дуглас, 6 (0:1). Мадялан, 11 (1:1). Дуглас, 17 (1:2). Таку, 18 (1:3). Туеанкланг, 19 (2:3). Мадялян, 40 (3:3).  

11-минутта Игита алаңнан қуылды.  

Таиланд: Фупун, Ханкампа – Тайжароен, Суттирой, Иссарасувипакорн, Лакка, Сорнвичян, Вонгкаео (к), Чудеч, Туеанкланг, Мадялан, Чаемчароен, Петчтиам, Срисубсеанг.

Қазақстан: Игита, Шамро – Нұрғожин, Лео, Дуглас, Эвертон, Жаманқұлов, Сүлейменов (к), Таку, Довгань, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Першин.

Төрешілер: Майкет, Камавити (оба – Таиланд).



Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: футзалИгитаҚазақстан құрамасыӘлем чемпионатыхалықаралық турнирКолумбия-2016Таиланд

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку