Премьер-лигадағы командалардың тең жартысы бас бапкерін ауыстырды...

Футбол
Премьер-лигадағы командалардың тең жартысы бас бапкерін ауыстырды...
Қазақстан премьер-лигасында алтыншы команда бас бапкерін қызметінен босатты. Фото: shahter.kz
Қазақстан премьер-лигасында алтыншы команда бас бапкер қызметінен босатты. Бұл жолы «Шахтер» сенім артқан шетелдік маманын еліне қайтарды.

“Шахтердің” шыдамы шегіне жетті

Қарағандының «Шахтерінің» бас бапкерін ауыстыратындығын соңғы күндері отандық баспасөз құралдары жарыса жазған. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, бұл бос сөз емес екен. Бүгін кеншілер командасының ресми сайты Словакия маманы Йозеф Вукушичпен жылы шыраймен қош айтысқандарын жариялады.

2 тамыз күні «Шахтер» мен Вукушич өзара келісімен екеуара келісімшартты бұзыпты. 51 жастағы словак маманы Қарағанды командасына қаңтар айының басында келіп, Игорь Захарякті ауыстырған болатын. Бірақ Йозеф мырза кеншілер командасын түлете алмады.

«Шахтер» ел чемпионатының бірінші жартысында 22 ойын өткізіп, бар болғаны 18 ұпай еншіледі. Қазір 11-орында. Бұл қарқынымен премьер-лигадағы орнынан айырылып қалуы мүмкін. Ең сорақысы, 22 матчта сегіз-ақ гол соқты...

Енді «ұзынқұлақ» Қарағанды командасына Армения немесе Ресей маманы бас бапкер болады деп, «гуілдеп» жүр. Неге отандық жаттықтырушылардың бірі емес?!

Биыл 12 команданың алтауы бас бапкерін ауыстырды

Қазақстан премьер-лигасында 12 команда ғана бар. Солардың тең жартысы елі біріншілігінің екінші жартысы (кезеңі) басталғанша бас бапкерлерін ауыстырып үлгерді. Тіпті жетіншісінің жанкүйерлері өз жаттықтырушыларына риза емес. Оларға салса, бүгін-ақ отставкаға жіберер еді...

Енді маусым басынан бері қай команданың бас бапкерін ауыстырғандығына көз жүгіртіңіздер:



Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Владимир НикитенкоАлександр БородюкДмитрий ОгайЙозеф ВукушичотставкаҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыБас бапкерТалғат БайсуфиновНұрмат Мырзабаев

Вернуться назад