Colombia-2016: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі

Футбол
Colombia-2016: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі
Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: uefa.com
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау ХІІІ әлем чемпионатына дайындалатын ойыншылар тізімін жариялады.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 25 ойыншы кіріпті. Ал қыркүйек айында әлем чемпионатына баратын құрама сапында 14 футзалшы болуы керек. Яғни күзге дейін бұл құрам бірнеше рет екшеледі.

Сонымен Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі:

қақпашыларГригорий Шамро («Інжу»), Игита, Александр Гуров (екеуі де – «Қайрат»);

алаңдағы ойыншылар – Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Михаил Першин (бәрі де – «Қайрат»), Бауыржан Күкімбаев, Павел Таку, Александр Гребонос, Александр Довгань, Арнольд Кнауб, Николай Пенгрин, Илья Мун, Владислав Черномордов (бәрі де – «Астана-Тұлпар»), Тимур Мырзабаев, Ерсұлтан Сағындықов, Антон Рындин, Олег Солуменко (бәрі де – «Аят»), Нұржан Әбдірәсілов («Ұшқын-Искра»), Қайрат Иманалин, Ринат Төреғазин (екеуі де – «Інжу»), Лео («Спортинг», Португалия).

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан ХІІІ әлем чемпионаты 10 қыркүйектен 1 қазанға дейін Колумбияда өтеді. Топтық кезеңде біздің құрама Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары футзалшыларымен «Е» тобында бақ сынайды.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: футзалИгитаКакауЛеоҚазақстан құрамасыӘлем чемпионатыЖаманқұловКолумбия-2016

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку