ФИФА рейтингісінде жасыл алаңға шықпай-ақ бес саты көтерілдік

Футбол
ФИФА рейтингісінде жасыл алаңға шықпай-ақ бес саты көтерілдік
Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
ФИФА ұлттық құрамалар арасындағы ай сайынғы рейтингті жаңғыртып, Қазақстан құрамасы бес саты жоғары өрлеп, 112-орынға орналасты.

Мамыр айының басында түзілген тізіммен салыстырғанда, Қазақстан құрамасы бес саты жоғары өрлеген. Бірақ соңғы айда біздің ұлттық құрама бірде-бір ойын өткізбеген болатын...

Бұл негізінен Африкадағы бірнеше елдің ұлттық құрамаларының төмен құлдырауына да байланысты сияқты. Сондай-ақ Азиядағы бірнеше құрама да төмен сырғыған. Мәселен, 100-орындағы Қырғызстан 11 саты төмен ығысып, қазір ФИФА рейтингісінде де Қазақстан құрамасымен көршілес тұр.

1 (1). Аргентина – 1503 ұпай
2 (2). Бельгия – 1384
3 (4). Колумбия – 1328
4 (5). Германия – 1310
5 (3). Чили – 1293
6 (6). Испания – 1267
7 (7). Бразилия – 1257
8 (8). Португалия – 1181
19 (22). Украина – 894
29 (27). Ресей – 828
66 (66). Өзбекстан – 544
78 (77). Беларусь – 442
94 (93). Эстония – 360
104 (107). Латвия – 330
110 (110). Армения – 315
111 (100). Қырғызстан – 313
112 (117). Қазақстан – 312
127 (138). Литва – 282
134 (127). Түркіменстан – 264
137 (123). Грузия – 260
138 (133). Әзірбайжан – 252
159 (156). Молдова – 165


ФИФА рейтингісіндегі Қазақстан құрамасы көрсеткіштерінің сұлбасы. Фото: fifa.com

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыҰлттық құрамаҚырғызстанФИФА рейтингісі

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку