Қытайда додаға түсетін Қазақстан құрамасының сапы

Футбол
Қытайда додаға түсетін Қазақстан құрамасының сапы
Фото kff.kz сайтынан
7 маусым күні Қытай және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде ел намысын қорғайтын футболшыларымыздың тізімі жарияланды.

«Ұлы Жібек» елінің Далянь қаласында Қытай Халық Республикасы футболшыларымен өтетін жолдастық кездесуге Қазақстан ұлттық құрамасын тағы да отандық бапкерлер дайындайтын болыпты. Атап айтқанда, Талғат Байсуфинов бас бапкер міндетін атқарса, оған ұлттық құрамамыздың аға жаттықтырушысы Нүркен Мазбаев көмектеседі екен.

Отандық бапкерлер құрамы 3-8 маусым аралығында өтетін жаттығу жиынына мына футболшыларымызды шақыртыпты:

қақпашылар – С.Покатилов («Ростов»), В.Плотников («Қайрат»), Д.Лория («Ертіс»);

қорғаушылар – А.Бейсебеков («Астана»), Е.Қуантаев («Қайрат»), Д.Шомко («Астана»), Е.Ахметов («Ертіс»), Ю.Логвиненко («Астана»), Г.Сүйімбаев («Ордабасы»), С.Малый («Ертіс»), В.Дмитренко («Тобыл»);

жартылай қорғаушылар – Б.Исламхан («Қайрат»), С.Мұжықов («Астана»), И.Қуат («Қайрат»), А.Тағыберген («Астана»), М.Төлебек («Ордабасы»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Нұрғалиев («Ордабасы»), С.Смақов («Ақтөбе»), Ұ.Қонысбаев («Атырау»);

шабуылшылар – Т. Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), С.Хижниченко («Тобыл»).

Резерв:
қақпашы – С.Отарбаев («Ақтөбе»);

қорғаушы – Б.Айтбаев («Тараз»)

жартылай қорғаушылар – Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), Т.Досмағамбетов («Тобыл»), А.Мухутдинов («Тобыл»);

шабуылшылар – Ж.Молдақараев («Оқжетпес»), А.Щеткин («Астана»).

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: ИсламханЛогвиненкоШомкоҚазақстан құрамасыСмақовБайсуфиновМазбаевжолдастық кездесуМұртазаевКытайПокатиловҚуат

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку