Жәнібек Әлімханұлы екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атанды

Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) АҚШ-тың Техас штаты Розенберг қаласындаWBO және IBF тұжырымы бойынша екі белбеуді сарапқа салды.

Бұл белбеудің ішінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына отандасымызға тиесілі болатын. Ал IBF белдігі неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериде (21-0-1, 7 КО) жүрген. Екеуі белбеулерін ортаға тастап, кездесу өткізді.

Он екі раунд болады деп белгіленген жекпе-жек алтыншы раундта Жәнібектің қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы 15 жеңісіне қол жеткізіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына IBF белбеуін қосты. Геннадий Головкиннен кейін осы белбеуге ие болып отырған екінші қазақстандық атанды.

Винченцо Гуальтьери алғаш рет жеңіліп, белбеуінен айырылды.

«Бұл – қазақ стилі, біз оны тарихта қалдырғымыз келеді. Алғашқы сәттен осы тактиканы таңдадық. Қарсыласымның бірден шабуыл жасамайтынын білдік. Ол менің шаршаған сәтімді күтті. Сол сәтте шабуылға көшуге ниет білдірді. Бірақ мен жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Қазір менде екі нұсқа бойынша чемпиондық атақ бар. Ендігі кезекте дивизиондағы бүкіл төрт белбеуді жинағым келеді. Оны Top Rank ұйымдастырса, мен оған дайынмын», – деді Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X (бұрынғы Twitter) желісінде Жәнібек Әлімханұлын "керемет жеңісімен" құттықтады.

«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Авторы: Бек Төлеу

Кері қайту