Үш жыл күткен жеңіс

Футбол
Үш жыл күткен жеңіс

Ұлттық құрама жеңісімен қуантып жатқан соң, жастар құрамасының сәтсіздігі туралы көп айтыла бермейді. Бірақ Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын жастар құрамасының ресми ойындарда қарсыластан басым түспегеніне үш жыл болған еді. Осы жолы сол олқылықтың орны толтырылды.

Бұл жолы жастарымыз Мальта футболшыларынан басым түсті. Кездесудің бірінші бөлігінде Қайрат Нұрдәулетовтің ойыншылары бірқатар қауіпті сәттерді ұйымдастырды, бірақ оларды нәтижелі соққыға айналдыра алмады.

Екінші таймда қазақстандық футболшылар Мальта жастар командасы қорғанысының осал тұсын тапты. Алаңның ортасымен өрбіген комбинациядан кейін Айбар Абдулла айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасай білді. Бұл сәтте нәтижелі пастың авторы Абылайхан Назымханов атанды.

Кездесуге қорғаушы Дамир Қасаболат нүкте қойды. Ол Нұралы Жақсылықтың орындауындағы бұрыштамадан келген керемет пасты қақпаға дарытты.

Қазақстан жастар құрамасы өз тобындағы алғашқы жеңіске жетті.

Бұл үш жыл күткен жеңіс. Соңғы рет 2020 жылы қыркүйекте Израиль жастарынан басым түскенбіз. Ол тұста Эльхан Астанов, Еркебұлан Сейдахмет, Артур Шушеначев, Әлібек Қасым, Мұхамеджан Сейсен ойнап жүрді.

Мальта U-21 – Қазақстан U-21 – 0:2

Голдар: Абдулла, 52 (0:1). Қасаболат, 72 (0:2).

Қазақстан U-21: Анарбеков (қ) (Пивкин, 85), Ткаченко (Кургин, 66), Қасаболат, Жұмаханов (с), Қалмырза, Добай, Бөрібаев, Садыбеков, Назымханов (Есімбеков, 85), Абдулла (Попов 78), Митрофанов (Жақсылық, 66).

Қосалқы құрам: Широбоков, Асқаров, Қалдыбеков, Ғалым,

Тони Беззина атындағы стадион. Паола, Мальта.

Матчтан кейін Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов пікір білдірді.

Біздің топтағы алғашқы жеңіс туралы?

Бірінші жеңіске өте қуаныштымыз, бірақ әлі біраз жұмыс істеу қажет. Біздер қарапайым ойын эпизодтарында пасты дұрыс бере алмадық. Жігіттер мүмкін қатты қобалжыған болар, ел үмітін ақтап, жақсы нәтиже көрсетуге деген эмоция басып кеткендей. Осының салдарынан қателіктер көп болды. Тактикаға келсек, жігіттер алдын ала дайындалған барлық мақсаттарды орындады. Қарсылас қорғанысана жоғары қысым жасамай, шамалы төмен күтейік деген жоспар болды. Себебі біз қараған ескі ойындарда Мальта жастар командасының ойыншылары жасалған қысымнан өту жолдарын жақсы жаттықтырғанын көрдік. Өкінішке орай, ойынның бірінші бөлігінде болған жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Кейбір сәттерді техникалық қателіктер жібердің, кейбір сәттерде асығыстық таныттық.

Прогресс болу үшін қандай әрекет жасау керек?

Біздің жастарға жоғары деңгейдегі ойындар тәжірибесі жетіспейді. Еуропада көп ойнауға тырысу керек. Сапалы жолдастық кездесулерді жиі өткізу маңызды. Қазақ футболшылары Еуропадағы қарсыластардың деңгейін көріп, олармен әрдайым бәсекеге дайын болу керек. Себебі біздің ойыншылардың техникасы жақсы, физикалық даярлығы да жақсы деңгейде, алайда өзіне деген сенімділіктері төмен. Осының салдарынан олар қарапайым ойын сәттерінде қобалжып, өрескелі қателіктер жіберіп жатыр.

Еуро-2025 іріктеу турнирі

В тобы:

Орын

Құрама

О

Ж

Т

Ж

Д-а

Ұ

1

Испания

4

4

0

0

13-0

12

2

Шотландия

4

3

0

1

7-3

9

3

Бельгия

4

3

0

1

4-2

9

4

Венгрия

5

2

0

3

6-6

6

5

Қазақстан

4

1

0

3

2-7

3

6

Мальта

5

0

0

5

1-15

0

Алдағы ойындардың күнтізбесі:

21.03.2024

Шотландия – Қазақстан

26.03.2024

Қазақстан – Венгрия

05.09.2024

Қазақстан – Мальта

10.09.2024

Қазақстан – Бельгия

10.10.2024

Испания – Қазақстан

15.10.2024

Қазақстан – Шотландия.

Авторы: Асфендияр Жанаділ

Тегтер: Жастар құрамасыҚайрат НұрдәулетовЕвро2025

Кері қайту